Бірінші сыныпқа өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады - министрлік

© Sputnik/Ертай СарбасовАлғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Жазылу
Биыл ата-аналардың шамамен 70 проценті мемлекеттік тілде оқытуды таңдады
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасатынын хабарлады.
Биыл өтініштер әдеттегідей бес ай бойы қабылданады. Болжам бойынша бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады.
"Алғашқы үш күнде 24 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ең үлкен белсенділік Астана мен Түркістан облысында байқалуда. Ата-аналардың шамамен 70 проценті мемлекеттік тілде оқытуды таңдады", - делінген ресми хабарламада.
Білім туралы заңға сәйкес, бірінші сыныпқа ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші негізінде алты жасқа толған балалар қабылданады.
Өтінішті онлайн — eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы, сондай — ақ тікелей мектепте беруге болады. Өтінімдер дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Айта кетері, биыл бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау басталған 1 сәуір күні электронды үкімет порталы істемей қалды. Сол министрлік өкілдері негізгі себебін айтқан.
 День знаний в Алматы - 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.03.2025
Бірінші сыныпқа құжат 1 сәуірден бастап қабылданады
Жаңалықтар
0