https://sputnik.kz/20250401/egov-ta-birinshi-synypqa-qabyldau-qyzmeti-istemey-qaldy---ministrlik-negizgi-sebebin-atady-52105563.html
eGov-та бірінші сыныпқа қабылдау қызметі істемей қалды - министрлік негізгі себебін атады
eGov-та бірінші сыныпқа қабылдау қызметі істемей қалды - министрлік негізгі себебін атады
Sputnik Қазақстан
Қазіргі eGov 2013 жылғы технологияның негізінде жұмыс істейді 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T11:54+0500
2025-04-01T11:54+0500
2025-04-01T11:54+0500
мемлекеттік органдар
үкімет
https://sputnik.kz/img/1165/23/11652345_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_40018de3f83bef979b77b620fd42d4f8.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин eGov-та бірінші сыныпқа қабылдау қызметі неге істемей қалғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін электронды үкімет порталында бірініші сыныпқа өтініш бергісі келетіндердің саны күрт көбейді. Соның салдарынан техникалық ақаулықтар шықты.Осы орайда вице-министр ондай ақаулықтардың негізгі себебін де түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі eGov 2013 жылғы технологияның негізінде жұмыс істейді.Вице-министр жаңа порталда ақаулықтардың азаятынын да айтты.
https://sputnik.kz/20250226/zhurgizushiler-073e-anyqtamasyn-endi-egov-mobile-qosymshasy-arqyly-ala-alady-51195238.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/23/11652345_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_522ece388ef199e4f6fe3e37692a34c6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік органдар, үкімет
мемлекеттік органдар, үкімет
eGov-та бірінші сыныпқа қабылдау қызметі істемей қалды - министрлік негізгі себебін атады
Қазіргі eGov 2013 жылғы технологияның негізінде жұмыс істейді
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин eGov-та бірінші сыныпқа қабылдау қызметі неге істемей қалғанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін электронды үкімет порталында бірініші сыныпқа өтініш бергісі келетіндердің саны күрт көбейді. Соның салдарынан техникалық ақаулықтар шықты.
"Ол ақаулықтардың бәрі қысқа уақыттың ішінде жойылды, платформаның жұмысын қалпына келтірді. Негізі, бірініші сыныпқа өтініш қабылдау бүгін сағат 15:00-ге жоспарланған болатын. Сондықтан осы уақытта қызмет қолжетімді болады", - деді Коняшкин үкіметте өткен брифингте.
Осы орайда вице-министр ондай ақаулықтардың негізгі себебін де түсіндірді. Оның айтуынша, қазіргі eGov 2013 жылғы технологияның негізінде жұмыс істейді.
"Ашығын айтайын, қазіргі электронды үкімет порталы максималды деңгейде жұмыс істеп жатыр. Сондықтан биыл біз eGov 3.0-ді іске қосамыз. Бұл - толығымен жаңартылған және қайта жасалған портал. Осы жылы бәріміз барынша ыңғайлы әрі тұрақты сайтың нұсқасын көреміз", - деді Коняшкин.
Вице-министр жаңа порталда ақаулықтардың азаятынын да айтты.