Жүргізушілер 073/е анықтамасын енді eGov Mobile қосымшасы арқылы ала алады

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы машиналар
Алматыдағы машиналар - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жазылу
Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Жүргізушілердің ыңғайлылығы үшін 073/е нысанындағы медициналық анықтама енді eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді.
Бұған дейін бұл қызметті eGov.kz порталында рәсімдеуге болатын және ол іске қосылғаннан бері қазақстандықтар 7 мыңнан астам анықтама рәсімдеді.
Бұрын азаматтар анықтаманы тек қағаз түрінде, терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог мамандарынан медициналық тексеруден өткеннен кейін ғана ала алатын.
Қызметті пайдалану үшін:
eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өту қажет;
"Қызметтер" - "Денсаулық сақтау" бөлімін таңдау керек;
"№ 073/е нысан бойынша медициналық анықтама беру" қызметін таңдау қажет;
өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қою қажет.
Өтінім жіберілгеннен кейін анықтама пайдаланушының Жеке кабинетінің тарихында PDF форматында қолжетімді болады. Құжат оны алған сәттен бастап бір жыл ішінде жарамды.
073/е нысанындағы медициналық анықтама – көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат.
Студенты в аудитории, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2024
Білім
Енді колледжге құжатты eGov.kz порталы арқылы тапсыруға болады
Жаңалықтар
0