https://sputnik.kz/20250404/astanada-sogysta-qaza-bolgan-batyrlardyn-tuystaryna-medal-berildi-52213415.html
Астанада соғыста қаза болған батырлардың туыстарына медаль берілді
Астанада соғыста қаза болған батырлардың туыстарына медаль берілді
Sputnik Қазақстан
Марапаттар ұрыс даласында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің балалары мен немерелеріне табысталды 04.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-04T17:50+0500
2025-04-04T17:50+0500
2025-04-04T17:50+0500
жеңістің 80 жылдығы
ұлы отан соғысы
соғыс ардагері
медаль
https://sputnik.kz/img/07e9/04/04/52212605_0:56:1083:665_1920x0_80_0_0_31583a77bf5cef1f6453446590d1829e.jpg
АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде соғыста қаза болған жауынгерлердің туыстарына "Ерлігі мен борышына адалдығы үшін" медалі тапсырылды, деп хабарлайды министрлік.Медальді хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздеумен айналысатын "Мемориалдық аймақ" қоғамдық бірлестігі ұсынды.Марапаттар соғыс кезінде ұрыс даласында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің балалары мен немерелеріне табысталды. Олардың жауынгерлік жолы мен тағдыры далалық және мұрағаттық ізденістер арқылы анықталып отыр.Іс-шарада тоғыз жауынгердің туыстарына "Ерлігі мен борышына адалдығы үшін" медалі табысталды."Мен Тараздан арнайы келдім. Біздің әкеміз соғыста хабарсыз кеткен бауырларын өмір бойы іздеп өтті. Мен де іздестіруді жалғастырдым. Кейін "Мемориалдық аймақ" іздеу жасағына байланыстық. Осы жерде әкемнің ағалары Әмірбек, Жұмабек және Мадиярбек аталарымыз туралы мәліметтерге қол жеткіздік, – деді соғыстан оралмаған ағайынды Болатбековтердің туысы Розахан Оспанова.Іс-шара соңында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың ансамблі жиналғандарға соғыс жылдарындағы әндерді орындады.
https://sputnik.kz/20250219/qaryndasym-ashtan-oldi-qyzylordalyq-qariya-sum-sogys-akelgen-qasiret-turaly-aytty-51000827.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/04/52212605_62:0:1022:720_1920x0_80_0_0_57d80411efded17092719b660621c27f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлы отан соғысы, соғыс ардагері, медаль
ұлы отан соғысы, соғыс ардагері, медаль
Астанада соғыста қаза болған батырлардың туыстарына медаль берілді
Марапаттар ұрыс даласында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің балалары мен немерелеріне табысталды
АСТАНА, 4 сәуір — Sputnik. Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде соғыста қаза болған жауынгерлердің туыстарына "Ерлігі мен борышына адалдығы үшін" медалі тапсырылды, деп
хабарлайды министрлік.
Медальді хабарсыз кеткен жауынгерлерді іздеумен айналысатын "Мемориалдық аймақ" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
Марапаттар соғыс кезінде ұрыс даласында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің балалары мен немерелеріне табысталды. Олардың жауынгерлік жолы мен тағдыры далалық және мұрағаттық ізденістер арқылы анықталып отыр.
"Бұл алдымен қазақстандықтардың Жеңіске қосқан үлесін ұмытпау үшін маңызды. Біз жауынгерлердің ұрпағын із-түзсіз кеткен туыстарының тағдырынан хабардар етіп келеміз. Мұндай ізденістер тарихымызды білу үшін маңызды. Осы медальді тапсыру арқылы Отан үшін жан қиған жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын көрсеткіміз келеді, – деді іздеу тобының командирі Майдан Құсайынов.
Іс-шарада тоғыз жауынгердің туыстарына "Ерлігі мен борышына адалдығы үшін" медалі табысталды.
"Мен Тараздан арнайы келдім. Біздің әкеміз соғыста хабарсыз кеткен бауырларын өмір бойы іздеп өтті. Мен де іздестіруді жалғастырдым. Кейін "Мемориалдық аймақ" іздеу жасағына байланыстық. Осы жерде әкемнің ағалары Әмірбек, Жұмабек және Мадиярбек аталарымыз туралы мәліметтерге қол жеткіздік, – деді соғыстан оралмаған ағайынды Болатбековтердің туысы Розахан Оспанова.
Іс-шара соңында Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың ансамблі жиналғандарға соғыс жылдарындағы әндерді орындады.