https://sputnik.kz/20250219/qaryndasym-ashtan-oldi-qyzylordalyq-qariya-sum-sogys-akelgen-qasiret-turaly-aytty-51000827.html
"Қарындасым аштан өлді": қызылордалық қария сұм соғыс әкелген қасірет туралы айтты
"Қарындасым аштан өлді": қызылордалық қария сұм соғыс әкелген қасірет туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Жақай Бодықбаев Ұлы Отан соғысы жылдары бес жасынан қара жұмыс істеген. "Бізде балалық шақ болмады" деген қарт Sputnik Қазақстан... 19.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-19T18:12+0500
2025-02-19T18:12+0500
2025-02-19T18:12+0500
ұлы жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/02/44028161_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_6c9cbd0813a644ad874e28040a27108f.jpg
АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Жақай Бодықбаев Ұлы Отан соғысы жылдары бес жасынан қара жұмыс істеген. "Бізде балалық шақ болмады" деген қарт Sputnik Қазақстан тілшісіне зұлмат жылдар қасіреті жайлы айтып берді.Жақай Серікұлы 1939 жылы 12 ақпанда Қызылорда обласы Сырдария ауданы Шандайкөл ауылында (қазіргі Ақжарма ауылы) дүниеге келген.Жыңғылдың арасында бала баққанЖақай қария соғыс басталғанда үш жасқа толар-толмас бала еді, отбасындағы жалғыз бала бүлдіршін шағын қырман басында өткізген. Бала Жақай сол кезден бастап шиеттей сәбиін етегіне ораған талай жесірге көмектескен."Жаңа туған сәбилерін жыңғылдың арасына жатқыза салып, кішкене есейіп қалған мен сияқты балаларға бақтыратын еді. Ауылда әйел біткеннің бәрі егін даласында жүреді. Бес жасымнан бастап мен де еңбекке араластым", - дейді Жақай Серікұлы.Тарыға торғай "өш"Техника дегеннің қарасы жоқ, кетпенмен жер қазып, егін қолмен егіледі. Оны орақпен орып, арқаға салып қырманға тасыған заман."Бидайды бастырғанда өгіз, есек дегендерге мен сияқты балаларды мінгізіп қояды. Алақандай егістікті торғайлардан қуамыз. Әсіресе тары дегенге торғайлар сондай "өш" болады. Таң алакеуімнен сол тарыны күзетеміз. Ұйқыны қандыру дегенді білмейміз. Қолмен егілген егін ары кетсе 10 гектар болады. Сол астықты біреуін шашау шығармай, аялап күтіп, колхозға өткіземіз", - дейді Жақай ата.Күріштің қоқысына дейін өлшетемізШандайкөл ауылы күріш егеді. Ол бейнет те қолмен жасалады. Күріш піскенде әр үйге 2-3 мөшектен бөліп, тазартуға бұйрық береді. Тазаланған ақ күріш ауызға емес, майданға жіберіледі."Оны әбден тазалап, салмағын таразыға өлшеп, колхозға қайта өткіземіз. Тасын, арасындағы шөп-шаламына дейін өлшетеміз. Күріш алғашқы салмағынан кем болмау керек. Бір уыс күріш, бидай ұрлағандарды ол заманда соттап жіберетін", - дейді тыл ардагері.Бір сиырдың сүті бірнеше отбасын асырады"Біз ойынды армандап өстік" деп күрсінді қария. Ол заманда қара бала тойып тамақ ішсем, жылы киім кисем, асыр салып ойнасам деп емес, мүгедек болса да ағалар аман қайтса екен деп армандады. Алайда заманға зұлмат келсе де, ол кездегі халықтың пейілі кең болды, дейді қария."Сондай ауыр өмірді көрсек те бір ауыз ұрыс-керісті естімедік. Не көршінің, не ағайын-туыстың арасында айқай болғанын көрмедік. Қарын аш, киім жоқ. Астықта ең бірінші болып арпа піседі. Сол арпаға жеткенше бір сиырды бірнеше отбасы бөліп ішіп, күн көретін едік. Ол заманда қызғаныш, тығып ішу деген тіпті болмапты. Сонда қыстай сүт пен айранды талғажау ететін едік", - дейді қарт.Қалтаға тыққан бір уыс арпа"Арпаға бірінші орақ түскенде шешеміз қалталарына, аяқ киімдеріне бір уыс тығып әкеп, қуырып, дастарқанға шашып жіберетін. Шай дегенді өзенді жағалай жүріп жалбыз теріп әкеліп, содан жасаймыз. Немесе күзде қауынның қағын кептіріп содан шай жасайтын едік. Арпаға орақ тигенде ауызға бір түйір нан тиюші еді", - дейді Жақай ата.Піскен астықты әйел біткен арқалап, 2-3 күн жүріп, 50 шақырым жердегі аудан орталығындағы қамбаға тасиды. Жамау басқан көйлек, тозған жаулық сол кездегі аналардың жандарын тоздырмаған, олар қайсар еді.Орамалсыз әйел болмады"Шешелеріміздің жалғыз-ақ көйлегі болушы еді. Ол көйлектері жамаумен жүретін. Бірақ сол заманда шаштары көрініп жалаңбас жүрген әйел көрмеппін. Бастарына дәке тартады. Ол дәкенің өзі қат дүние. Менің өзімде палатка шалбар болатын. Ол шалбар қаудырлап ыңғайсыз еді, бірақ одан басқа киім болған жоқ", - дейді Жақай ата.Ол кезде қауыннан қақ, құрт дайындап, дәнінен сүт жасаған. Бұның да машақаты өте көп жұмыс.Қамыстан жіп, қоғадан қап жасаған заман. Жіпті тірлікке, ал қапты азық болатын жүгеріге арнайтын."Жерден қазып үй жасадық""Ол заманда үй жоқ. Кез келген бұтаның түбін паналап жүре береміз. Қыста 4-5 үй бірігіп, жерді қазып үй жасаймыз. Сабан тастаймыз. Кейде жайылып жүрген мал үйіміздің төбесін опырып, ішке түсіп кететін", - дейді тыл ардагері.18 жасында жесір қалып, жасы 80-90-ға келсе де отын өшірмей, серігін соғыстан күткен ана көп. Солардың талайын Жақай ата көзімен көрген. Ал майданда әкесінен, тылда анасынан айырылған жетімдер қаншама.Қарындасы аштан өлген"Жаныма сол жылдары қатты батқаны, бір күні шешем қатты ауырып төсек тартып жатып қалды. Ес-түсін білмейді. Менен кейінгі қарындасым аш, оны қалай бағарымды білмей егіл-тегіл жылаумен жүремін. Сөйтіп жүргенде қарындасым жатқан жерінде жамбасы тесіліп, аштан өлді. Сол қарындасымды топыраққа көмген сәт әлі күнге көз алдымда", - деп мұңайды ол.Ол заманғы баланың, жалпы адамның Отанға деген рухы биік, өмірге деген құлшынысы жоғары еді.Ал Жақай қария "80 жыл бейбіт өмір сүру – әр мемлекетке бұйырмаған бақыт" дейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/02/44028161_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_48f84a9b0f296b8e418103e98cd9c6fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Жақай Бодықбаев Ұлы Отан соғысы жылдары бес жасынан қара жұмыс істеген. "Бізде балалық шақ болмады" деген қарт
Sputnik Қазақстан тілшісіне зұлмат жылдар қасіреті жайлы айтып берді.
Жақай Серікұлы 1939 жылы 12 ақпанда Қызылорда обласы Сырдария ауданы Шандайкөл ауылында (қазіргі Ақжарма ауылы) дүниеге келген.
Жыңғылдың арасында бала баққан
Жақай қария соғыс басталғанда үш жасқа толар-толмас бала еді, отбасындағы жалғыз бала бүлдіршін шағын қырман басында өткізген. Бала Жақай сол кезден бастап шиеттей сәбиін етегіне ораған талай жесірге көмектескен.
"Жаңа туған сәбилерін жыңғылдың арасына жатқыза салып, кішкене есейіп қалған мен сияқты балаларға бақтыратын еді. Ауылда әйел біткеннің бәрі егін даласында жүреді. Бес жасымнан бастап мен де еңбекке араластым", - дейді Жақай Серікұлы.
Техника дегеннің қарасы жоқ, кетпенмен жер қазып, егін қолмен егіледі. Оны орақпен орып, арқаға салып қырманға тасыған заман.
"Бидайды бастырғанда өгіз, есек дегендерге мен сияқты балаларды мінгізіп қояды. Алақандай егістікті торғайлардан қуамыз. Әсіресе тары дегенге торғайлар сондай "өш" болады. Таң алакеуімнен сол тарыны күзетеміз. Ұйқыны қандыру дегенді білмейміз. Қолмен егілген егін ары кетсе 10 гектар болады. Сол астықты біреуін шашау шығармай, аялап күтіп, колхозға өткіземіз", - дейді Жақай ата.
Күріштің қоқысына дейін өлшетеміз
Шандайкөл ауылы күріш егеді. Ол бейнет те қолмен жасалады. Күріш піскенде әр үйге 2-3 мөшектен бөліп, тазартуға бұйрық береді. Тазаланған ақ күріш ауызға емес, майданға жіберіледі.
"Оны әбден тазалап, салмағын таразыға өлшеп, колхозға қайта өткіземіз. Тасын, арасындағы шөп-шаламына дейін өлшетеміз. Күріш алғашқы салмағынан кем болмау керек. Бір уыс күріш, бидай ұрлағандарды ол заманда соттап жіберетін", - дейді тыл ардагері.
Бір сиырдың сүті бірнеше отбасын асырады
"Біз ойынды армандап өстік" деп күрсінді қария. Ол заманда қара бала тойып тамақ ішсем, жылы киім кисем, асыр салып ойнасам деп емес, мүгедек болса да ағалар аман қайтса екен деп армандады. Алайда заманға зұлмат келсе де, ол кездегі халықтың пейілі кең болды, дейді қария.
"Сондай ауыр өмірді көрсек те бір ауыз ұрыс-керісті естімедік. Не көршінің, не ағайын-туыстың арасында айқай болғанын көрмедік. Қарын аш, киім жоқ. Астықта ең бірінші болып арпа піседі. Сол арпаға жеткенше бір сиырды бірнеше отбасы бөліп ішіп, күн көретін едік. Ол заманда қызғаныш, тығып ішу деген тіпті болмапты. Сонда қыстай сүт пен айранды талғажау ететін едік", - дейді қарт.
Қалтаға тыққан бір уыс арпа
"Арпаға бірінші орақ түскенде шешеміз қалталарына, аяқ киімдеріне бір уыс тығып әкеп, қуырып, дастарқанға шашып жіберетін. Шай дегенді өзенді жағалай жүріп жалбыз теріп әкеліп, содан жасаймыз. Немесе күзде қауынның қағын кептіріп содан шай жасайтын едік. Арпаға орақ тигенде ауызға бір түйір нан тиюші еді", - дейді Жақай ата.
Піскен астықты әйел біткен арқалап, 2-3 күн жүріп, 50 шақырым жердегі аудан орталығындағы қамбаға тасиды. Жамау басқан көйлек, тозған жаулық сол кездегі аналардың жандарын тоздырмаған, олар қайсар еді.
"Шешелеріміздің жалғыз-ақ көйлегі болушы еді. Ол көйлектері жамаумен жүретін. Бірақ сол заманда шаштары көрініп жалаңбас жүрген әйел көрмеппін. Бастарына дәке тартады. Ол дәкенің өзі қат дүние. Менің өзімде палатка шалбар болатын. Ол шалбар қаудырлап ыңғайсыз еді, бірақ одан басқа киім болған жоқ", - дейді Жақай ата.
Ол кезде қауыннан қақ, құрт дайындап, дәнінен сүт жасаған. Бұның да машақаты өте көп жұмыс.
Қамыстан жіп, қоғадан қап жасаған заман. Жіпті тірлікке, ал қапты азық болатын жүгеріге арнайтын.
"Жерден қазып үй жасадық"
"Ол заманда үй жоқ. Кез келген бұтаның түбін паналап жүре береміз. Қыста 4-5 үй бірігіп, жерді қазып үй жасаймыз. Сабан тастаймыз. Кейде жайылып жүрген мал үйіміздің төбесін опырып, ішке түсіп кететін", - дейді тыл ардагері.
18 жасында жесір қалып, жасы 80-90-ға келсе де отын өшірмей, серігін соғыстан күткен ана көп. Солардың талайын Жақай ата көзімен көрген. Ал майданда әкесінен, тылда анасынан айырылған жетімдер қаншама.
"Жаныма сол жылдары қатты батқаны, бір күні шешем қатты ауырып төсек тартып жатып қалды. Ес-түсін білмейді. Менен кейінгі қарындасым аш, оны қалай бағарымды білмей егіл-тегіл жылаумен жүремін. Сөйтіп жүргенде қарындасым жатқан жерінде жамбасы тесіліп, аштан өлді. Сол қарындасымды топыраққа көмген сәт әлі күнге көз алдымда", - деп мұңайды ол.
Ол заманғы баланың, жалпы адамның Отанға деген рухы биік, өмірге деген құлшынысы жоғары еді.
Ал Жақай қария "80 жыл бейбіт өмір сүру – әр мемлекетке бұйырмаған бақыт" дейді.