https://sputnik.kz/20250403/petropavlda-su-tasqynynyn-sharyqtau-shegi-5-6-sauirde-kutilude--52155793.html
Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі 5-6 сәуірде күтілуде
Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі 5-6 сәуірде күтілуде
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су электр кешенінде су тасқынының екінші толқыны жүріп жатыр. 03.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-03T08:03+0500
2025-04-03T08:03+0500
2025-04-03T08:03+0500
су тасқыны
петропавл
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43604990_0:293:3068:2019_1920x0_80_0_0_4531bb13e7c3a030948655696ab342c2.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Петропавлда су тасқынының бірінші толқынының шарықтау шегі 5-6 сәуірде күтілуде.Оның айтуынша, Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы сегіз қорғаныс бөгеті бетон плиталарымен және полипропилен жабындарымен нығайтылған, бұл елді мекендерді қорғауға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250402/su-tasqyny-qazaqstan-men-qytay-transshekaralyq-ozender-boyynsha-aqparat-almasty-52131830.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/0b/43604990_38:0:2769:2048_1920x0_80_0_0_233defcbbe8462d1d18c7e9c8045b0b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, петропавл
Петропавлда су тасқынының шарықтау шегі 5-6 сәуірде күтілуде
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су электр кешенінде су тасқынының екінші толқыны жүріп жатыр.
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Петропавлда су тасқынының бірінші толқынының шарықтау шегі 5-6 сәуірде күтілуде.
"Қазіргі уақытта Сергеев су торабында су тасқынының екінші толқыны байқалуда. Петропавлда бірінші толқынның шарықтау шегі 5-6 сәуірде болады деп күтілуде. Тұрғындар саяжай аумақтарынан көшірілді. Айналма жолда судың тасуы тіркеліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қазір басты назар Заречный елді мекенінде тұр. Жағдай бақылауда", – деп жазды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданындағы сегіз қорғаныс бөгеті бетон плиталарымен және полипропилен жабындарымен нығайтылған, бұл елді мекендерді қорғауға мүмкіндік береді.