Су тасқыны: Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендер бойынша ақпарат алмасты

Ертіс өзені - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Жазылу
2005 жылдан бері Қазақстан мен ҚХР арасында трансшекаралық өзендердегі табиғи апаттар туралы шұғыл хабарлау туралы Келісім бар
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі су тасқынымен бірлесіп күресу үшін қытайлық әріптестерімен трансшекаралық өзендер бойынша ақпарат алмасуда, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Тараптар бір-біріне су тасқыны, мұз қозғалысы мен құбылыстары туралы ақпарат беріп, Іле өзеніндегі "Саньдаохэцзы", Ертіс өзеніндегі "Наньвань" және Текес өзеніндегі "Текес" су бекеттерінде бақылау жүргізіледі. Себебі, 2005 жылдан бері Қазақстан мен ҚХР арасында трансшекаралық өзендердегі табиғи апаттар туралы шұғыл хабарлау туралы Келісім бар.
"Министрлік Қытай, Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдерінің су ведомстволарымен үнемі байланыста. Барлық трансшекаралық өзендер бойынша ақпарат алмасып отырмыз. Бұл деректер әкімдіктерге және ТЖД-ға беріледі. Гидротехникалық құрылыстарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Төтенше жағдай туындаған жағдайда "Қазсушар" және бассейндік инспекциялардың мамандары қажетті іс-шараларды қабылдауға дайын", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Еске салсақ, наурыз айында Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет су ресурстары саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат суды ұтымды және тұрақты пайдалану, заманауи технологияларды енгізу, баламалы су көздерін бөлу және оны игеру, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлесіп маман даярлау бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.
Аким Абайской области Берик Уали проверил уровень воды в реке Аягоз
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2025
Су тасқынына дайындық: Батыс Қазақстан облысында 18 гидротехникалық құрылғы жөнделді
Жаңалықтар
0