ЕАЭО мен Вьетнамның еркін саудасы барлығына пайда келтіреді – Лавров

© РИА Новости / Медиабанкке өтуӘлем қалалары. Хошимин
Әлем қалалары. Хошимин - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Жазылу
Елдер арасындағы келісімге 10 жыл толды
АСТАНА, 3 сәуір - Sputnik. Вьетнам мен ЕАЭО-ның еркін сауда туралы келісімі барлығына пайда келтіреді. Мұндай мәлімдемені Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Вьетнамның сыртқы істер министрі Буй Тхань Шонмен келіссөз жүргізгеннен кейін жасады.
© Photo : МИД РоссииРесей мен Вьетнам сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізді
Глава МИД России Сергей Лавров провел переговоры с главой МИД Вьетнама  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Ресей мен Вьетнам сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізді
Бұған тауар айналымының өсу статистикасы дәлел болады. Бұл бірлестік теңдік, өзара тиімділік негізінде жұмыс істейді, дейді министр.

"Қазір Құрама Штаттар мен оның барлық серіктесі арасында, соның ішінде Еуропалық Одақпен резервтік валюталардың рөлін ашық, өрескел теріс пайдалану жағдайында болып жатқан тарифтік соғыстар аясындағы қарама-қайшылықты туындатады. Батыстың заңсыз біржақты шектеулеріне байланысты банктік қаржы жүйесі арқылы экономикалық ынтымақтастық орнатудың балама көздерін табу мәселесі өзекті болып тұр", - деді Лавров.

Ал ЕАЭО-да мұндай мәселе жоқ, дейді СІМ басшысы. Одақ өзара тиімділіктің, сыйластықтың және мүдделер тепе-теңдігін іздеудің берік негізінде жұмыс істейді.

"ЕАЭО және оның серіктестері АСЕАН-мен қарым-қатынаста. Еуразиялық экономикалық одақтың өзі және АСЕАН, сондай-ақ ШЫҰ және Еуразия құрлығында орналасқан бірқатар басқа ұйымдар өзара байланысты дамыта отырып, бізге тарих арқылы жеткен табиғи географиялық, көліктік-логистикалық артықшылықтарды пайдаланады", - деді Ресей сыртқы істер министрі.

Табиғи ресурстарға бай әлемдегі ең ірі континент осы табиғи ресурстарды игеруден, инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудан пайда көруге Еуразия елдері бәрінен бұрын мүдделі. Осылайша біз үлкен еуразиялық әріптестікті қалыптастырамыз, деді Лавров.
ЕАЭО эмблемалары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы қандай - статистика
Жаңалықтар
0