Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы қандай - статистика

© Sputnik/Ертай СарбасовЕАЭО эмблемалары
ЕАЭО эмблемалары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Жазылу
Биыл қаңтарда республиканың ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 1 1763,2 млн болды
АСТАНА, 17 наурыз - Sputnik. Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей – 90,1%, Қырғызстан - 6,9%, Беларусь – 2,9% және Армения–0,1% үлесін алады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
Биыл қаңтарда республиканың ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 1 1763,2 млн болды, деп қосты бюродағылар.
Статистика мамандарының есептеулері бойынша, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 9,6%-ке аз.
"2025 жылдың қаңтарында тауарлар экспорты 600,7 млн доллар (17,6%-ке аз), импорт 1162,5 млн доллар (4,9%-ке аз) болды", - делінген бюро хабарламасында.
Бұл ретте биылғы қаңтардағы экспорттың үлесі мыналарға тиесілі:
битуминозды минералдардан алынған шикі мұнай және мұнай өнімдері (53,5%),
тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (5,6%),
ферроқорытпалар (3,1%),
мыс кендері мен концентраттары (2,7%),
мұнай газдары және өзге де газ тәріздес көмірсутектер (2,2%).
Қазақстанға ең көп импортталатын өнімдер:
телефон аппараттары (3,2%),
моторлы көлік құралдарына арналған шанақтар (3,1%),
дәрілік заттар (3%),
мұнай газдары және өзге де газ тәріздес көмірсутектер (2,7%),
жеңіл автомобильдер (2,7%).
Астанада ЕАЭО кеден органдарын цифрландыру мәселесі талқылануда - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2025
Астанада ЕАЭО кеден органдарын цифрландыру мәселесі талқыланып жатыр
Жаңалықтар
0