https://sputnik.kz/20250402/turisterden-aqsha-talap-etken-politseyler-zhumystan-quyldy-52137987.html
Туристерден ақша талап еткен полицейлер жұмыстан қуылды
Туристерден ақша талап еткен полицейлер жұмыстан қуылды
Sputnik Қазақстан
Облыстық полицияның ақпаратына сәйкес, туристерден ресми шағым түспеген 02.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-02T11:03+0500
2025-04-02T11:03+0500
2025-04-02T11:07+0500
полиция
тексеру
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321241_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_e5b55ed5bab2f6de9304c262f3cd411f.jpg.webp
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында Беларусь туристерінен ақша талап еткен полицейлер жұмыстан қуылды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Күні кеше әлеуметтік желіде Беларусьтен келген туристердің видео тарады. Олардың айтуынша, Шымкент-Самара тасжолында полицейлер қазақстандық техникалық байқаудың жоқтығын сылтауратып, 200 мың теңге талап еткен.Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, видеодағы полицейлердің бәрі жұмыстан қуылды.Ал облыстық полицияның ақпаратына сәйкес, туристерден ресми шағым түспеген. Көліктің тіркеу нөмірі де анықталмады. Соған қарамастан қылмыстық іс қозғалып, тиісті бөлімше басшылығына қатысты қызметтік тексеріс басталды.
https://sputnik.kz/20250217/qordayda-anshi-kontsertine-mugalimderden-aqsha-zhinauga-qatysty-tekseris-bastaldy-50931830.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321241_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_d645e7db90d1242a4bb6cd0c81f5b106.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, тексеру
Туристерден ақша талап еткен полицейлер жұмыстан қуылды
11:03 02.04.2025 (жаңартылды: 11:07 02.04.2025) Облыстық полицияның ақпаратына сәйкес, туристерден ресми шағым түспеген
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында Беларусь туристерінен ақша талап еткен полицейлер жұмыстан қуылды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Күні кеше әлеуметтік желіде Беларусьтен келген туристердің видео тарады. Олардың айтуынша, Шымкент-Самара тасжолында полицейлер қазақстандық техникалық байқаудың жоқтығын сылтауратып, 200 мың теңге
талап еткен.
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, видеодағы полицейлердің бәрі жұмыстан қуылды.
"Қазіргі кезде біз тексерісті бастап кеттік. Қылмыстық іс қозғалды. Ол қызметкерлер бүгінде жұмыстан шығарылды", - деді Лепеха журналистерге берген сұхбатында.
Ал облыстық полицияның ақпаратына сәйкес, туристерден ресми шағым түспеген. Көліктің тіркеу нөмірі де анықталмады. Соған қарамастан қылмыстық іс қозғалып, тиісті бөлімше басшылығына қатысты қызметтік тексеріс басталды.