https://sputnik.kz/20250217/qordayda-anshi-kontsertine-mugalimderden-aqsha-zhinauga-qatysty-tekseris-bastaldy-50931830.html
Қордайда әнші концертіне мұғалімдерден ақша жинауға қатысты тексеріс басталды
Қордайда әнші концертіне мұғалімдерден ақша жинауға қатысты тексеріс басталды
Sputnik Қазақстан
Заңбұзушылықтар расталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады 17.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-17T14:53+0500
2025-02-17T14:53+0500
2025-02-17T14:53+0500
мұғалім
тексеріс
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/1b/41237914_0:79:1501:923_1920x0_80_0_0_1ae1d643ae82da7f859260d0827ce629.jpg
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі Қордай ауданында мұғалімдерді әншінің концертіне билет алуға міндеттеуге қатысты тексеріс шараларын бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Қордай аудандық білім бөлімі мұғалімдерді концертке билет алуға міндеттеген."Айбек Қайбулла деген әнші Қордайға келеді екен, билеті өтпей жатыр. Соның концертіне неге мұғалімдер ақша жинауы тиіс? Қордай аудандық білім бөлімінің тапсырмасы. Неге мектептерге бөліп тастайды? Билеті өтпесе, біз кінәліміз бе? Қайырымдылық концерті болса бір жөн", - делінген шағымда.Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің шағымда баяндалған жағдай бойынша тексеріс шараларын бастағанын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20250124/shyrsha-ornatu-kezinde-mugalim-zharaqat-aldy-qala-akiminin-orynbasary-kudikke-ilindi-50239565.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0c/1b/41237914_82:0:1417:1001_1920x0_80_0_0_1384959eb1953c1b4e5dbee41945b66b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұғалім, тексеріс
Қордайда әнші концертіне мұғалімдерден ақша жинауға қатысты тексеріс басталды
Заңбұзушылықтар расталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады
АСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі Қордай ауданында мұғалімдерді әншінің концертіне билет алуға міндеттеуге қатысты тексеріс шараларын бастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Қордай аудандық білім бөлімі мұғалімдерді концертке билет алуға міндеттеген.
"Айбек Қайбулла деген әнші Қордайға келеді екен, билеті өтпей жатыр. Соның концертіне неге мұғалімдер ақша жинауы тиіс? Қордай аудандық білім бөлімінің тапсырмасы. Неге мектептерге бөліп тастайды? Билеті өтпесе, біз кінәліміз бе? Қайырымдылық концерті болса бір жөн", - делінген шағымда.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің шағымда баяндалған жағдай бойынша тексеріс шараларын бастағанын мәлімдеді.
"Заңбұзушылықтар расталған жағдайда заңнама шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ, "Педагог мәртебесі туралы" заңның талаптарын бұзғаны үшін қызметтік тергеу негізінде Қордай ауданының жергілікті атқарушы органы өкілінің жауапкершілігі қаралады", - дейді министрліктің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.