https://sputnik.kz/20250402/qazaqstanda-zhana-ipotekalyq-bagdarlama-iske-qosylady-ereksheligi-qanday--52139583.html
Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады: ерекшелігі қандай
Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады: ерекшелігі қандай
Sputnik Қазақстан
Қазақстан тұрғын үй компаниясы үлескердің инвестицияларына кепілдік береді 02.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-02T12:05+0500
2025-04-02T12:05+0500
2025-04-02T13:25+0500
ипотекалық бағдарлама
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_615acd531200773b449bb25123bea106.jpg
АЛМАТЫ, 2 сәуір - Sputnik. Қазақстанда аймақтарға арналған жаңа "Орда Аймақ" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Қазақстан тұрғын үй компаниясы. Қазақстан тұрғын үй компаниясы биыл 7 сәуірден бастап ипотекалық несиелендірудің "Орда Аймақ" бағдарламасын іске қосады. Компания кепілдігімен құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға болады. Яғни үлескердің инвестицияларына компания кепілдік береді. Құрылыс аяқталмаған немесе құрылыс компаниясы банкрот болған жағдайда, Қазақстан тұрғын үй компаниясы баспананың салынып бітуіне кепіл болады. Бағдарламаның негізгі артықшылықтары: Икемді шарттар: Салынып жатқан тұрғын үйдің бағасы дайын тұрғын үйге қарағанда төмен. Жаңа құрылыс объектілерінің сипаттамасымен, сондай-ақ сату бөлімшелері мен консультанттардың байланыс нөмірімен ҚТК тұрғын үй порталында танысуға болады.
https://sputnik.kz/20250305/nauryz-ipotekalyq-bagdarlamasy-bastaldy-51360715.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/17/23018302_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_20fd79dcabdea1fe0e8ab092e0ec5f2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ипотекалық бағдарлама
Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады: ерекшелігі қандай
12:05 02.04.2025 (жаңартылды: 13:25 02.04.2025) Қазақстан тұрғын үй компаниясы үлескердің инвестицияларына кепілдік береді
АЛМАТЫ, 2 сәуір - Sputnik. Қазақстанда аймақтарға арналған жаңа "Орда Аймақ" ипотекалық бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Қазақстан тұрғын үй компаниясы.
Қазақстан тұрғын үй компаниясы биыл 7 сәуірден бастап ипотекалық несиелендірудің "Орда Аймақ" бағдарламасын іске қосады. Компания кепілдігімен құрылысқа үлестік қатысу туралы шарт бойынша салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға болады. Яғни үлескердің инвестицияларына компания кепілдік береді. Құрылыс аяқталмаған немесе құрылыс компаниясы банкрот болған жағдайда, Қазақстан тұрғын үй компаниясы баспананың салынып бітуіне кепіл болады.
"Өтінімдер "Отбасы Банкі" уәкілетті агенттері арқылы қабылданады. 21 жастан асқан Қазақстанның кез келген азаматы қарыз алушы бола алады. "Орда Аймақ" бағдарламасында "Отбасы Банкте" депозиттің болуы, қарыз алушыға қойылатын талап пен тұрғын үйдің болуы туралы шектеу қолданылмайды", - дейді компания.
Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:
15,9% мөлшерінде белгіленген сыйақы;
жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 17,26%-тен 22,81%-ке дейін.
бастапқы жарна 20% бастап;
қарыз сомасы 1 млн теңгеден 75 млн теңгеге дейін;
қарыз мерзімі 12 айдан 240 айға дейін.
Салынып жатқан тұрғын үйдің бағасы дайын тұрғын үйге қарағанда төмен. Жаңа құрылыс объектілерінің сипаттамасымен, сондай-ақ сату бөлімшелері мен консультанттардың байланыс нөмірімен ҚТК тұрғын үй порталында танысуға болады.