https://sputnik.kz/20250305/nauryz-ipotekalyq-bagdarlamasy-bastaldy-51360715.html
"Наурыз" ипотекалық бағдарламасы басталды
"Наурыз" ипотекалық бағдарламасы басталды
Sputnik Қазақстан
Бүгін, 5 наурызда бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды 05.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-05T14:08+0500
2025-03-05T14:08+0500
2025-03-05T14:08+0500
баспана
ипотека
https://sputnik.kz/img/786/94/7869489_0:4:3501:1973_1920x0_80_0_0_2d6e5e373d54a7157a108014566c48f9.jpg
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. 5 наурыздан бастап "Отбасы банкінен" "Наурыз" ипотекалық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Мақсаты алғашқы тұрғын үй сатып алуды қамтамасыз ететін бағдарламада мөлшерле 7–9% болады . Бағдарламаға соңғы бес жылда жылжымайтын мүлкі жоқ қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдер 31 наурызға дейін "Baspana Market" порталында қабылданады.Бағдарламаға қатысу үшін жас пен мәртебе бойынша шектеу жоқ.Қалай қатысуға боладыБағдарламаның шарттары бойынша қарыз алушы бастапқы жарна болған кезде несие рәсімдей алады:Ипотека бойынша мөлшерлеме тұрғын үй кезегінде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – 7%, қалғандары үшін – 9%.Несие 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қарыздың ең көп сомасы Астана мен Алматыда 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін қарастырылған.
https://sputnik.kz/20250228/qazaqstanda-zhumysshy-mamandyqtar-ushin-ipoteka-iske-qosylady-51224007.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/786/94/7869489_292:0:3117:2119_1920x0_80_0_0_fd89f52f2a5c30b3aa57ebe4ceac90ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, ипотека
"Наурыз" ипотекалық бағдарламасы басталды
Бүгін, 5 наурызда бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
АСТАНА, 5 наурыз – Sputnik. 5 наурыздан бастап "Отбасы банкінен" "Наурыз" ипотекалық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
Мақсаты алғашқы тұрғын үй сатып алуды қамтамасыз ететін бағдарламада мөлшерле 7–9% болады . Бағдарламаға соңғы бес жылда жылжымайтын мүлкі жоқ қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдер 31 наурызға дейін "Baspana Market" порталында қабылданады.
Бағдарламаға қатысу үшін жас пен мәртебе бойынша шектеу жоқ.
Отбасы банкінде депозит ашу (егер жоқ болса). Депозиттің мерзімі маңызды емес.
Депозитті 2 млн теңгеге дейін толтыру (өтінім берер алдында барлық соманы құюға болады).
Соңғы 5 жыл iшiнде өзiнде және отбасы мүшелерiнде (ерлi-зайыптыларда және кәмелетке толмаған балаларында) жылжымайтын мүлiктiң болмағанына тексеруден өту.
Соңғы 6 айдағы ресми табысты растау.
Бағдарламаның шарттары бойынша қарыз алушы бастапқы жарна болған кезде несие рәсімдей алады:
10%-дан бастап – дайын баспананы сатып алу кезінде;
20%-дан бастап – ішкі әрлеуі аяқталмаған немесе жаңа емес баспана сатып алу кезінде.
Ипотека бойынша мөлшерлеме тұрғын үй кезегінде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – 7%, қалғандары үшін – 9%.
Несие 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Қарыздың ең көп сомасы Астана мен Алматыда 36 млн теңгеге дейін, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін қарастырылған.