Министр eGov неге дұрыс жұмыс істемегенін түсіндірді

© Sputnik / Санат ИмангалиевЖаслан Мәдиев
Жаслан Мәдиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Жазылу
Министрдің айтуынша мұндай сәтсіздік ілуде бір болады
АСТАНА, 2 сәуір - Sputnik. Қазақстандықтар 1 сәуірде eGov порталындағы ақаулыққа байланысты миллионнан астам сауал жіберді, дейді ведомство басшысы Жаслан Мәдиев.
Оның айтуынша, мұндай сәтсіздік ілуде бір болады.
"Кеше тиісті инфрақұрылымға шектен тыс жүктеме болды, бірақ бұл тек eGov-пен ғана байланысты емес, тиісті министрлікке де қатысты. Өзіндік техникалық шектеулер де бар. Мұндай жүктеме бұрын-соңды болмаған", - деді Мәдиев.
1 сәуірде балаларды бірінші сыныпқа онлайн тіркеу басталды. Дәл бірінші күні интернет нашарлап, eGov жүйесінде ақау пайда болған. Бұл - ата-аналардың наразылығын тудырды. Ашуға мінген қазақстандықтар әлеуметтік желілерде өздерінің пікірлерін жазып, министрге дейін шағымданған.
Интернет жылдамдығына келер болсақ, министр дүрлігудің қажеті жоқ дегенді айтады. Оның айтуынша, Қазақстандағы интернет жақсы, оған мысал елді мекеннен тыс жерлерде, жолда және онлайн кездесулерде интернет ақаусыз істеп тұр.

"Кейде ақаулар болуы мүмкін, бірақ оны жылдамдықты өлшейтін тиісті қызмет қалпына келтіреді. Біз бұндай жағдайларды назарға алып, интернет орнатылатын базалық станция құру бойынша жұмыс істейтін боламыз", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Өз жұмысымда интернет жылдамдығына ризамын, - дейді Мәдиев. Ал EGov 3.0 іске қосылған жағдайда ақау болмайтыны туралы ешкім кепілдік бере алмайды. Кейде техникалық проблемалар тек eGov-тің өзінен ғана емес, басқа себептерден де туындауы мүмкін, деді министр.
Алматыдағы машиналар - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.02.2025
Жүргізушілер 073/е анықтамасын енді eGov Mobile қосымшасы арқылы ала алады
Жаңалықтар
0