Челябі мен Қостанай облыстарының шекарасында көлік қозғалысы қалпына келтірілді

© Photo : ФГКУ РосгранстройЧелябі мен Қостанай облыстарының шекарасында көлік қозғалысы қайта басталды
Челябі мен Қостанай облыстарының шекарасында көлік қозғалысы қайта басталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Жазылу
Өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр
АСТАНА, 2 сәуір - Sputnik. Челябі мен Қостанай облыстарының шекарасында қозғалыс қалпына кетірілді, деп хабарлайды Росгранстрой.

"Су тасқыны жағдайының тұрақтануына байланысты Желқуар (Ресей жағында - Мариинский) өткізу пункті арқылы адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу қайта басталды. Қазіргі уақытта өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 17 наурызда осы өткізу пунктінде адамдардың, көліктердің және жүктердің қозғалысы тоқтатылған болатын.
Себебі Берсуат өзенінде су тасқыны болды, ол қазақстандық Жітіқара және ресейлік Бредин аудандары арқылы өтеді. Бұл учаскеде көпір өткелі болмағандықтан жылда өзен арнасынан толып кетеді, дейді Росгранстрой.
Челябі және Қостанай шекарасында жолаушы мен көлік қозғалысы неге тоқтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Челябі мен Қостанай облысының шекарасында жолаушы мен көлік қозғалысы тоқтатылды
Жаңалықтар
0