https://sputnik.kz/20250317/chelyabi-men-qostanay-oblysynyn-shekarasynda-zholaushy-men-kolik-qozgalysy-toqtatyldy---51682287.html
Челябі мен Қостанай облысының шекарасында жолаушы мен көлік қозғалысы тоқтатылды
Челябі мен Қостанай облысының шекарасында жолаушы мен көлік қозғалысы тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
Жол қозғалысына шектеу 17 наурыздан бастап енгізілді, қашан аяқталатыны белгісіз 17.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-17T17:53+0500
2025-03-17T17:53+0500
2025-03-17T17:58+0500
қостанай облысы
ресей
шекара
жол
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45791280_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_e489b1f930a3b2763452a6da3e93af33.jpg
АСТАНА, 17 наурыз - Sputnik. Росгранстрой Челябі және Қостанай облыстарының шекарасында жолаушылар, жүктер және көліктердің қозғалысын тоқтатты. "Желқуар" автомобиль өткізу пунктінде шектеу 17 наурыздан бастап енгізілді, қашан аяқталатыны әлі белгісіз. Бұған себеп - Берсуат өзеніндегі күрделі су тасқыны жағдайы. Айта кетейік, бұл өзен қазақстандық Жітіқара және ресейлік Бредин аудандары арқылы өтеді. Сонымен қатар 16 наурызда "Қазавтожол" Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы хабарлады. Күн күрт жылынып, салдарынан республикалық маңызы бар KZ 10-05 "Мариновка ауылына кіреберіс" автомобиль жолын қызыл су басып қалды. Бұл учаске бейтарап аймақта орналасқандықтан көпір өткелін Ресей Федерациясымен бірлесіп салу туралы келіссөздер жүргізілуде, дейді "Қазавтожол".
қостанай облысы
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/13/45791280_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_20eadd3d1768e274377f0b2463112203.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, ресей, шекара, жол
қостанай облысы, ресей, шекара, жол
Челябі мен Қостанай облысының шекарасында жолаушы мен көлік қозғалысы тоқтатылды
17:53 17.03.2025 (жаңартылды: 17:58 17.03.2025) Жол қозғалысына шектеу 17 наурыздан бастап енгізілді, қашан аяқталатыны белгісіз
АСТАНА, 17 наурыз - Sputnik. Росгранстрой Челябі және Қостанай облыстарының шекарасында жолаушылар, жүктер және көліктердің қозғалысын
тоқтатты. "Желқуар" автомобиль өткізу пунктінде шектеу 17 наурыздан бастап енгізілді, қашан аяқталатыны әлі белгісіз. Бұған себеп - Берсуат өзеніндегі күрделі су тасқыны жағдайы. Айта кетейік, бұл өзен қазақстандық Жітіқара және ресейлік Бредин аудандары арқылы өтеді.
"Осы себепті Челябі облысының Ресей жағында орналасқан Мариинский автомобиль өткізу пункті арқылы көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Росгранстрой мемлекеттік шекараның Ресей - Қазақстан учаскесін кесіп өтуді жоспарлап отырған азаматтарға тәулік бойы жұмыс істейтін Николаевка, Комсомольский және Бугристое өткізу пункттері арқылы балама жүру маршруттарын пайдалануды ұсынады", - деп жазады Росгранстрой.
Сонымен қатар 16 наурызда "Қазавтожол" Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы хабарлады. Күн күрт жылынып, салдарынан республикалық маңызы бар KZ 10-05 "Мариновка ауылына кіреберіс" автомобиль жолын қызыл су басып қалды.
"Бұл учаске Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы Желқуар өзеніндегі бейтарап аймақта орналасқан. Учаскеде көпір өткелінің болмауына байланысты жылда қызыл су басады", - деп хабарлады компания.
Бұл учаске бейтарап аймақта орналасқандықтан көпір өткелін Ресей Федерациясымен бірлесіп салу туралы келіссөздер жүргізілуде, дейді "Қазавтожол".