https://sputnik.kz/20250401/soltustik-qazaqstanda-qatty-turmystyq-qaldyqtar-tarifi-negizsiz-koterilgen-52105850.html
Солтүстік Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтар тарифі негізсіз көтерілген
Солтүстік Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтар тарифі негізсіз көтерілген
Sputnik Қазақстан
Нәтижесінде бірнеше ауданда тарифтер орта есеппен 31 теңгеге төмендетілді 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T22:48+0500
2025-04-01T22:48+0500
2025-04-01T22:48+0500
прокуратура
қоқыс
тексеру
https://sputnik.kz/img/07e8/09/11/47151850_0:2:1272:718_1920x0_80_0_0_3fbb1c2f6de89d090411ab316b6b1330.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму тарифтеріне қатысты экологиялық заңнама өрескел бұзылған, деп хабарлады облыс прокуратурасы.М.Жұмабаев, Мамлүт, Есіл, Тайынша және Тимирязев аудандарының лауазымды тұлғалары экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, тарифтерді есептеу кезінде қалдықтарды сұрыптау шығындарын негізсіз қосқаны анықталды.Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мәслихат шешімімен тарифтерге тиісті өзгерістер енгізілді.
https://sputnik.kz/20250203/bas-prokuratura-qarzhy-piramidasynyn-zhetekshisin-qyrgyzstannan-ekstraditsiyalady-50497751.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/11/47151850_156:0:1116:720_1920x0_80_0_0_f4e126d4ebc61d33ae570c6653832ca7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, қоқыс, тексеру
прокуратура, қоқыс, тексеру
Солтүстік Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтар тарифі негізсіз көтерілген
Нәтижесінде бірнеше ауданда тарифтер орта есеппен 31 теңгеге төмендетілді
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау және көму тарифтеріне қатысты экологиялық заңнама өрескел бұзылған, деп хабарлады
облыс прокуратурасы.
М.Жұмабаев, Мамлүт, Есіл, Тайынша және Тимирязев аудандарының лауазымды тұлғалары экологиялық кодекстің талаптарын бұза отырып, тарифтерді есептеу кезінде қалдықтарды сұрыптау шығындарын негізсіз қосқаны анықталды.
"М.Жұмабаев ауданының коммуналдық кәсіпорны көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарынан қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін 319 тенге мөлшерінде төлем алып отырған, қоқысты сұрыптау шығындары 51 теңгеден есептелген", - дейді ведомство.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мәслихат шешімімен тарифтерге тиісті өзгерістер енгізілді.
"Нәтижесінде аталған аудандарда тарифтер орта есеппен 31 теңгеге төмендетілді. 5 мыңнан астам тұтынушының құқығы қорғалды, артық төленген қаражат кейінгі төлемдерге индекстеу арқылы өтеледі", - дейді облыстық прокуратура.