Бас прокуратура қаржы пирамидасының жетекшісін Қырғызстаннан экстрадициялады

© Photo : Пресс-служба Генеральной прокуратуры КазахстанаКісі өлтіруге күдіктілерді Ресейден Қазақстанға эктсрадициялау
Кісі өлтіруге күдіктілерді Ресейден Қазақстанға эктсрадициялау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2025
Жазылу
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол уақытша ұстап берілді
АСТАНА, 3 ақпан - Sputnik. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғыз Республикасынан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған топтың мүшелері 2017-2020 жылдар аралығында Қазақстан аумағында "QI-Trade" қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 4,7 мыңнан астам салымшының жалпы сомасы 15 миллиард теңге қаражатын заңсыз иемденген.
"Қылмыстық топтың кейбір мүшелері сотпен әртүрлі жазаға тартылған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды. Іздеуде бола тұра, ол Қырғызстанда кісі өлтіру қылмысын жасап, қырғыз сотымен сотталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол уақытша ұстап берілді, ал қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылғаннан кейін Қырғыз Республикасына қайтарылатын болады.
"Осылайша, көрші мемлекет аумағында жазасын өтегеннен кейін күдіктіні Қазақстан аумағында жасаған қылмысы үшін жаза күтетін болады. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған", - деп хабарлады Ба прокуратура өкілі.
Человек в наручниках держит официальный документ, фото из архива - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2025
Халықаралық іздеуде болған күдікті Қазақстанға экстрадицияланды
Жаңалықтар
0