https://sputnik.kz/20250401/shymkentte-mugedektigi-bar-adamdar-ushin-zharamsyz-1000-ga-zhuyq-nysan-anyqtaldy-52096593.html
Шымкентте мүгедектігі бар адамдар үшін жарамсыз 1000-ға жуық нысан анықталды
Шымкентте мүгедектігі бар адамдар үшін жарамсыз 1000-ға жуық нысан анықталды
Sputnik Қазақстан
2025 жылы 42 мыңнан астам нысанның 60%-і мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделуі керек 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T08:37+0500
2025-04-01T08:37+0500
2025-04-01T09:05+0500
шымкент
заң
тексеру
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/03/29014690_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_9a27dd247873f0e30888a74cde327d8c.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласында 967 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Жалпы "Халықпен бірге" жобасы аясында 2025 жылы 42 мыңнан астам нысанның 60%-і мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделуі керек.Осы орайда 2024 жылдың соңына дейін Шымкент қаласы бойынша 491 нысанды бейімдеу жоспарланған, қалада 967 нысан бейімделіп, жоспар артығымен орындалды.Мәселен, өңірдегі 967 нысан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімді. Олардың ішінде:Бұдан басқа, 2024 жылы мемлекеттік бақылау шеңберінде Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және басқа салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 338 тексеру жүргізді. Оның ішінде: 25 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 55 – жоспардан тыс тексерулер, 258 – прокуратура органдарының талабы бойынша болды.Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 61 ұйғарым берілді, 11,2 млн теңгеден астам сомаға 35 әкімшілік айыппұл салынды.
https://sputnik.kz/20250329/zhambyldagy-zher-silkinisi-oblys-akimi-erbol-qarashokeev-zhedel-shtab-otyrysyn-otkizdi-52018765.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/03/29014690_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_459febd884182712cc3a687481c1d3c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, заң, тексеру
Шымкентте мүгедектігі бар адамдар үшін жарамсыз 1000-ға жуық нысан анықталды
08:37 01.04.2025 (жаңартылды: 09:05 01.04.2025) 2025 жылы 42 мыңнан астам нысанның 60%-і мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделуі керек
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласында 967 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі.
Жалпы "Халықпен бірге" жобасы аясында 2025 жылы 42 мыңнан астам нысанның 60%-і мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделуі керек.
Осы орайда 2024 жылдың соңына дейін Шымкент қаласы бойынша 491 нысанды бейімдеу жоспарланған, қалада 967 нысан бейімделіп, жоспар артығымен орындалды.
Мәселен, өңірдегі 967 нысан мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін қолжетімді. Олардың ішінде:
денсаулық сақтау объектілері – 138;
білім беру мекемелері – 429;
сауда және қызмет көрсету объектілері – 195;
мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 55;
әлеуметтік қорғау объектілері – 9;
Бұдан басқа, 2024 жылы мемлекеттік бақылау шеңберінде Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет, жеке кәсіпкерлік, сауда және басқа салалардағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне 338 тексеру жүргізді. Оның ішінде: 25 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 55 – жоспардан тыс тексерулер, 258 – прокуратура органдарының талабы бойынша болды.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 61 ұйғарым берілді, 11,2 млн теңгеден астам сомаға 35 әкімшілік айыппұл салынды.