https://sputnik.kz/20250329/zhambyldagy-zher-silkinisi-oblys-akimi-erbol-qarashokeev-zhedel-shtab-otyrysyn-otkizdi-52018765.html
Жамбылдағы жер сілкінісі: 14 әлеуметтік нысан зардап шекті
Жамбылдағы жер сілкінісі: 14 әлеуметтік нысан зардап шекті
Sputnik Қазақстан
Жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтар тіркелмеген 29.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-29T09:49+0500
2025-03-29T09:49+0500
2025-03-29T09:53+0500
жамбыл облысы
жер сілкінісі
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1d/52019445_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_2558cfb8f3e9970618ab30760620539c.jpg
АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жер сілкінісі орын алған Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы табиғи апат салдарын жою бойынша жедел штаб отырысын өткізді.Аудандарда зардап шеккен азаматтар тіркелмеген. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жалпы Меркі және Т.Рысқұлов ауданында 14 әлеуметтік нысан ішінара зардап шеккен. Оның ішінде 9 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 1 әлеуметтік қорғау, 1 спорт және 1 мәдениет нысаны бар. Аудан әкімдеріне ауылдық елді мекендердегі нысандарды толық аралап, ахуалды көзбен көруді, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, қажеттілігіне қарай психологиялық көмек көрсетуді ескертілді.Облыс әкімі БАҚ пен әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттардың таралып жатқанына назар аударды. Жамбылдықтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.Еске сала кетейік, 2025 жылдың 28 наурыз күні түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданында орын алды. Т.Рысқұлов ауданында жер сілкінісінің күші 4 балды, Тараз қаласы мен қалған аудандарда – 2 балды құрады.
https://sputnik.kz/20250328/toqaev-zhambylda-zher-silkinisinen-bulingen-nysandar-men-uylerdi-qalpyna-keltirudi-tapsyrdy-52009949.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1d/52019445_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_30bda1c2bb23b3db01a9a8b57ddb27da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жер сілкінісі
жамбыл облысы, жер сілкінісі
Жамбылдағы жер сілкінісі: 14 әлеуметтік нысан зардап шекті
09:49 29.03.2025 (жаңартылды: 09:53 29.03.2025) Жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтар тіркелмеген
АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жер сілкінісі орын алған Меркі және Т.Рысқұлов аудандарындағы табиғи апат салдарын жою бойынша жедел штаб
отырысын өткізді. Аудандарда зардап шеккен азаматтар тіркелмеген. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Жалпы Меркі және Т.Рысқұлов ауданында 14 әлеуметтік нысан ішінара зардап шеккен. Оның ішінде 9 білім беру, 2 денсаулық сақтау, 1 әлеуметтік қорғау, 1 спорт және 1 мәдениет нысаны бар.
"Мемлекет басшысы өңірдегі жағдайды жеке бақылауында ұстап отыр. Президент әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді жүктеді. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлар вице-министрі бастаған үкіметтік жұмыс тобы облысқа жіберілді. Әлеуметтік және тіршілікті қамтамасыз ету, өнеркәсіп нысандарының жай-күйі, жол қатынастары тұрақты бақылауда болуы қажет. Тұрғындардың қауіпсіздігі бәрінен маңызды", – деді Ербол Қарашөкеев.
Аудан әкімдеріне ауылдық елді мекендердегі нысандарды толық аралап, ахуалды көзбен көруді, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, қажеттілігіне қарай психологиялық көмек көрсетуді ескертілді.
Облыс әкімі БАҚ пен әлеуметтік желілерде шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттардың таралып жатқанына назар аударды. Жамбылдықтарды тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 28 наурыз күні түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны – 5 балл – Меркі ауданында орын алды. Т.Рысқұлов ауданында жер сілкінісінің күші 4 балды, Тараз қаласы мен қалған аудандарда – 2 балды құрады.