Абай мен Ақтөбе облыстарында көктемгі егіс науқанына дайындық басталды

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиАбай мен Ақтөбе облыстарында көктемгі егіс науқанына дайындық басталды
Абай мен Ақтөбе облыстарында көктемгі егіс науқанына дайындық басталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2025
Жазылу
Ақтөбе облысында жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 1,2 млрд теңге бөлінді
АСТАНА, 1 сәуір — Sputnik. Абай облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 753 мың га жерге орналастыру жоспарланған. Ал Ақтөбе облысында егістік алқабы 723 мың га құрайды, дейді ауыл шаруашылығы министрлігі.
Абай облысында бидай егілетін жер 4 мың га-ға қысқарып, 235 мың га құрайды. Басымдық жоғары рентабельді дақылдарға берілуде.
"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 39,6 мың тонна тұқым дайындаған. Күнбағыс, жүгері және басқа да дақылдардың 6,6 мың тонна элиталық тұқымы мен гибридтерін сатып алу бойынша келісімшарттар жасалды. Аграршылардың иелігінде 7800-ден астам трактор, 300 жоғары өнімді егіс кешені, 2800-ге жуық топырақ өңдеу агрегаты бар", - дейді министрлік.
Облыста "Кең дала" бағдарламасы аясында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жылдық 5% жеңілдетілген несие беру қарастырылған.
Ал Ақтөбе облысында 723 мың га алқаптың басым бөлігіне дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды, сондай-ақ мал азығы дақылдарын егу жоспарланған. Бақша дақылдары да отырғызылады. Көктемгі егіс науқанына ауыл шаруашылығы техникасы 95%-ке дайын.

"Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 1,2 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 5,4 млрд теңгеге өтінім қабылданып, 4,5 млрд теңгесі мақұлданды. Өтінімдерді қабылдау жалғасуда", - дейді ауыл шаруашылық министрлігі .

Сбор урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2025
2024 жыл ауыл шаруашылығы үшін рекордтық жыл болды – Сапаров
Жаңалықтар
0