Словения президентінің сапары: Ақордада бірқатар құжатқа қол қойылды

© Photo : АкордаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Словения президенті Наташа Пирц-Мусар арасындағы келіссөз
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Словения президенті Наташа Пирц-Мусар арасындағы келіссөз - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Елімізде түрлі салада 20-ға жуық словениялық компания табысты жұмыс істеуде
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Ақордада Қазақстан мен Словения президенттерінің келіссөздері нәтижесінде бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгін рәсімделген келісімдерді тиімді іске асыру арқылы екі елдің ынтымақтастығын жандандыруға мүмкіндік бар.
"Қазақстан екі ел арасындағы достықты одан әрі тереңдетуге мүдделі. Қазір біз фармацевтика, жаңартылатын энергия, инженерия, телекоммуникация саласында маңызды жобаларды іске асырып жатырмыз. Елімізде осы салаларда 20-ға жуық словениялық компания табысты жұмыс істеуде. Экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту маңызды", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ, бүгінгі келіссөз кезінде екі елдің президенттері инновация, цифрландыру, жасыл энергетика, атом өнеркәсібі, денсаулық сақтау мен туризм саласында тың жобаларды жүзеге асыруға келісті. Ал үкіметаралық комиссия қолда бар мүмкіндікті пайдаланады.
Қол қойылған құжаттар:
1.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Словения Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі арасындағы білім және ғылым саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
2.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Словения Республикасы Экономика, туризм және спорт министрлігі арасындағы туризм саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
3.
Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Словенияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Қазақстан мен Словения президенттері не туралы сөйлесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Қазақстан мен Словения президенттері не туралы сөйлесті
Жаңалықтар
0