Қазақстан мен Словения президенттері не туралы сөйлесті

© Photo : АкордаҚазақстан мен Словения президенттері не туралы сөйлесті
Қазақстан мен Словения президенттері не туралы сөйлесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Бүгінде Словенияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициялары 200 миллион долларға жуықтады
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Словения президенттері Ақордада шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің іскерлік байланыстарын күшейту үшін бизнес кеңесті құруды ұсынды. Ал мемлекетаралық комиссияның деңгейі күшейтіледі. Оның отырысы биыл ұйымдастырылады.
"Туризмді айтатын болсақ, Қазақстанда Словенияға барғысы келетін адам көп. Бірақ белгілі бір проблемаларға тап болып отыр. Біріншіден, виза алу мәселесі бар. Екіншіден, әуе қатынасы жағынан қиындықтар бар. Меніңше, екі елдің үкіметтері осы проблеманы шешу жолдарын қарастыруы қажет", - деді Тоқаев.
Бүгінде Словенияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициялары 200 миллион долларға жуықтады. Елімізде 19 словениялық компания фармацевтика, машина жасау, телекоммуникация және жаңартылатын энергия көздері салаларында өз кәсібін жүргізіп келеді.
Ал Словения президенті Наташа Пирц-Мусар екі жақты байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
"Бүгін менімен бірге 25 словениялық компания өкілі де келді. Олар қазақстандық әріптестермен бірге серіктестікті ілгерілетуге қатысты бағыттарды талқылап жатыр. Экономикалық ықпалдастығымыз артып келеді. Дегенмен, бұдан да зор жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын", - деді Мусар.
Оның айтуынша, Орталық Азия Словения үшін ғана емес, жалпы Еуропалық одақ үшін басым бағыттардың бірі болып саналады.
Словения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Словения президенті ресми сапармен Қазақстанға келді
Жаңалықтар
0