Шерзаттың ісі сотқа түсті – алдын ала тыңдаудың күні белгіленді

© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Бұған дейін облыстық полиция Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлаған болатын
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Шерзат Полаттың ісі бойынша алдын ала тыңдау келесі аптада өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы облыстық соты ұсынған ақпаратқа сәйкес, алдын ала тыңдау 10 сәуірге сағат 12:00-ге белгіленіп отыр.
"Алдын ала тыңдау Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса жырау көшесі, №65 мекенжайында орналасқан Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтеді", - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін облыстық полиция Шерзат Полатты өлтіру фактісі бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлаған болатын. Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдеме, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.
Еске салайық, 16 жастағы Шерзат Полаттың өлімі қоғамдық резонанс тудырды. 4 қазанда бірнеше адам жасөспірімді аямай ұрып, бірнеше рет пышақ тыққан. Шерзат аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды. Осыдан кейін Талғардағы "Хуторские" қылмыстық тобы туралы ақпарат тарала бастады. Ал топ басшысы деп жүрген Хасан Қасымбаев бәрін жоққа шығаруға тырысты. Артынан оның әкімдік пен прокуратурадағы туыстары жайында мәлімет шықты. Ақыры Қасымбаев ұсталды.
Оған дейін белгісіз біреулер марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеп жіберді. Ал желтоқсанның басында Шерзаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаев өлі табылды. Жерлеу рәсімі кезінде Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамалды. Оның екі қарындасы да әкімшілік жауапқа тартылды.
Қылмыс болған дүкен - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2025
Шерзат Полаттың өлімі: тергеу аяқталды
Жаңалықтар
0