Қазақстанда халыққа берілген кредит 2,2%-ке өсті - Еуразия даму банкі

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуҚазақстанда халыққа берілген кредиттер 2,2% - ға өскен
Қазақстанда халыққа берілген кредиттер 2,2% - ға өскен - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Бизнеске берілген несие саны азайған
АСТАНА, 31 наурыз-Sputnik. Қазақстанда халыққа несие беру 2,2%-ке өсті, деп хабарлады Еуразиял даму банкі. Бірақ бизнеске берілген несие керісінше 2,3%-ке төмендеген.
Жалпы Қазақстанның банк секторының кредиттік портфелі 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 36,1 триллион теңгені құрады, бұл жыл басымен салыстырғанда 0,3%-ке артық.
2024 жылдың соңында ақша-кредит шарттарының қатаңдатылуы Қазақстан банк жүйесінің кредиттік портфелінің ұлғаюын тежеп отыр.

"Бұл ретте тұтынушылық кредиттеудің өсуіне банк өнімдерін белсенді цифрландыру және онлайн платформаларды әзірлеу есебінен қарыз алудың қолжетімділігі ықпал етіп отыр. Бұл онлайн платформаларда немесе мобильді қосымшалар арқылы кепілсіз және бөліп төлеу арқылы тұтынушылық кредиттерді ресімдеу арқылы мүмкін болып отыр", - дейді Еуразиялық даму банкі.

Банкте ЕАЭО-ның басқа мемлекеттері бойынша да деректер келтірілді. Мысалы, Қырғызстан банктері берген жаңа кредиттердің көлемі 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 53,9%-ке өскен.
Коммерциялық банктердің несиелік портфелінің өсуі тұтынушылық несиелендірудің 2,2 есеге және сауда–саттықтың жылына 13,9%-ке өсуімен байланысты болып отыр.

"Тұтынушылық кредиттеудің жоғары қарқыны сұранысты арттырады. Мәселен ішкі сауда қаңтар-ақпан айларында 17%-ке, қонақ үйлер мен мейрамханалардың көрсетілетін қызметтерінің көлемі 37,2%-ке ұлғайды, біздің бағалауымызша, тұтынушылық белсенділік экономика драйверінің рөлін сақтайды және 2025 жылдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 8,7% деңгейінде болжанады", - деп атап өтті ЕАДБ.

Одақ мемлекеттерінің экономикалық деректері де ұсынылды. Ресейде өнеркәсіптік өндіріс көлемі 2025 жылдың ақпанында 0,2%-ке өсті. Қаңтар айында бұл көрсеткіш 2,2% деңгейінде болды.

"Шығарылым динамикасы көбінесе күнтізбелік факторға байланысты. 2025 жылдың ақпанында 2024 жылдың ақпанына қарағанда бір күн аз болды, маусымдық және күнтізбелік эффект жойылды, ақпан айында өнеркәсіптің шығарылымы қаңтардағыдай шамамен 0,4% өсті", - деп хабарлады банк.

Өсімнің негізгі үлесі әлі де өндірісі 3,2%-ке өскен өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Өндірісті 13,6%-ке арттырған машина жасау бағыты көшбасшы болып қала бермек. Металлургия мен химиялық өндірісте де өсім жалғасуда.
Армениядағы экономикалық белсенділік 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 4,1%-ке өсті. Өсім қызмет көрсету, құрылыс және сауда секторларымен қамтамасыз етілді. Жалпы, Армения экономикасының өсуі 2025 жылы 5,5%-ке болжанып отыр.

"Өнеркәсіп секторындағы құлдырау және экспорт пен импорттың теріс динамикасы өткен жылдың басында сыртқы сауданы ұлғайту мен бағалы металдарды өңдеудің бәсеңдеуіне байланысты болды. Біз экономикалық белсенділіктің өсуі екінші жартыжылдықта өнеркәсіптік өндіріс серпіні қалпына келген сайын жеделдейді деп күтеміз", - деп атап өтті ЕАДБ.

Беларусьте жұмыс берушілер көп және жалақыны да жақсы төлейді.

"2025 жылдың ақпан айында соңғы 10 жылда алғаш рет жұмыспен қамтылғандар саны 0,1%-ке өсті. Сонымен қатар жұмыс күшіне деген жоғары сұраныс сақталады. Жұмыс орындары санының өсуі жалақының өсуіне де оң әсерін тигізеді. Жалақы 11,1%-ке өсті", - дейді банк.

Бюджеттік секторда жалақы жылына 12%-ке өсті. Еуразиялық даму банкі Беларусьте жалақы одан әрі өсу мүмкін дейді, бұған кадрлар үшін жоғары бәсекелестік және бюджетте жоспарланған мемлекеттік сектордағы жалақының өсуі ықпал етеді деп болжап отыр.
Стопки монет, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2025
Қазақстанның экономикасы өседі - ЕАДБ болжамы
Жаңалықтар
0