Қазақстанның экономикасы өседі - ЕАДБ болжамы

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуСтопки монет, архивное фото
Стопки монет, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Еуразиялық даму банкі Қазақстанның экономикасына қатысты бұған дейінгі болжамға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Банк сарапшылары 2025 жылда Қазақстан экономикасының өсімі 5,5 процент деңгейінде болады деп отыр. Оған мемлекеттік бастамалар мен шетел инвестициялары ықпал етеді. Жалпы, жаңа жылда 2024-пен салыстырғанда барлық көрсеткіш жақсарады.
Олар:
экономиканың 5,5% өседі; инфляция бір процентке баяулап, 7,3% дейін төмедейді;
базалық мөлшерлеме 1,75 процентке азайып, жылдың соңына дейін 11,25%-ке түседі;
Биыл инфляция баяуласа да, тұрғын үй-коммуналдық қызмет тарифтері өседі. Тұтынушылық кредиттердің саны да артады. Бұның барлығы инфляцияны жылдам төмендетуге кедергі болады. Банктің болжамына сәйкес, ұлттық банктің қазіргі базалық мөлшерлемесі (15,25%) 2025 жылдың бірінші тоқсанына дейін сақталады. Ал теңгенің бағамы әлі құбылмалы болып тұр. Бірақ бұл - уақытша жағдай.
Сарапшылардың айтуынша, квазимемлекеттік кәсіпорындардың валюталық табыстың 50 процентін сатуға қатысты талап, базалық мөлшерлеме мен экспорттың өсуі теңгенің күшеюіне негіз болады. Сондықтан жақын арада ұлттық валюта күшейеді деген болжам бар. Дегенмен долларға шаққанда әлсіреу қаупі сақтала береді.
Жалпы, банк мамандары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде экономика шамамен 3 процентке өседі. Ал инфляцияның орташа көрсеткіші - 6,4%.
Мобильный перевод - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2024
"Аударымдарға салық салынбайды": Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеме жасады
Жаңалықтар
0