Өзбекстанда мешітте жарылыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневМечеть Хазрет Султан
Мечеть Хазрет Султан - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Үш адам көз жұмып, тағы он адам ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Өзбекстанның Әндіжан облысындағы мешітте газдың жарылуынан үш адам қаза тауып, тағы он адам жараланды, деп хабарлады РИА Новости Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жарылыс салдарынан үш азамат қаза тауып, тағы он адам ауруханаға жеткізілді", - делінген ТЖМ-нің Telegram каналында жарияланған хабарламада.
Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Әндіжан облысының Ізбасқан ауданында орналасқан мешіттердің бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, алты адамның зардап шеккенін хабарлаған. Облыс хокимиятының (әкімдік) баспасөз қызметі жарылыс салдарынан мешіттегі дәрет алатын бөлме опырылып түскенін хабарлады, үйінділер тазартылып жатыр.
Газ баллондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2024
Ақмола облысындағы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты
Жаңалықтар
0