Ақмола облысындағы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты

© Sputnik / Табылды КадырбековГаз баллондары
Газ баллондары - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2024
Жазылу
Зардап шеккен тағы 16 адам Астана қалалық ауруханасына жеткізілді
АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Ақмола облысында Қорғалжын ауданы Сабынды ауылындағы ауылдық мешітте газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
"Оқиға салдарынан 1978 жылы туған ер адам қайтыс болды. Үйінділер астынан құтқарушылар 1983 жылы туған әйел мен 2012 жылы туған баланың мәйітін тапты", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, зардап шеккен тағы 16 адам Астана қалалық ауруханасына жеткізілді.
Бұл уақытта мешітте ас беріп, құран оқыту үшін дастархан жайылғаны белгілі болды.
"Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді тазалауда.Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 30-ға жуық құтқарушы мен 5 техника, сондай-ақ жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы, оның ішінде психологтар, Астана қаласының кинологиялық қызметі жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар алты газ баллонын алып шыққан, ал мешітте барлығы жеті баллон болған.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штаб құрылды, 87162520950 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр.
Мемлекет басшысы № 23 жаңа өрт сөндіру бөліміне барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2024
Өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды баспанамен қамту жұмыстары жалғасады – Тоқаев
Жаңалықтар
0