4700 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области Батыс Қазақстан облысында қоғамдық жайылымдар мемлекет меншігіне қайтарылды
Батыс Қазақстан облысында қоғамдық жайылымдар мемлекет меншігіне қайтарылды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Жер аумағы тиісті кодекстің нормаларын сақтамаған күйде өндірістік кооперативтерге берілген
АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген тексерісі нәтижесінде заңсыз берілген 4750 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды, дейді ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті.
Тексеру барысында Казталов ауданы әкімі аппараты мен аудандық жер қатынастары бөлімі бірқатар заң бұзушылыққа жол бергені анықталды. 8 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне жер кодексінің нормалары сақталмай, жер телімдері заңсыз берілген.

"Бұл алқаптар халықтың ортақ пайдалануға арналған шөп шабындықтары мен жайылымдары. Жер кодексінің 26-бабының 3-тармағына және "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес, мұндай жерлер жеке меншікке немесе жекеше жер пайдалану құқығына берілмейді, тек қана халықтың қажеттілігі үшін пайдаланылуы тиіс", - делінген хабарламада.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша басқарма оны жою туралы ұйғарым шығарды. Жерді мемлекет меншігіне қайтару қоғамдық жайылымдардың мәртебесін қалпына келтіріп, жергілікті тұрғындарға емін-еркін мал жаюға мүмкіндік берілді.
Жайылымдық жер - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Ұлытау облысында 90 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Жаңалықтар
0