Ұлытау облысында 90 мың га жер мемлекетке қайтарылды

© Sputnik / Владислав ВодневЖайылымдық жер
Жайылымдық жер - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Серіктестік аппелияциялық шағым түсірген, алайда сот шешімі өзгеріссіз қалды
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. Ұлытау облысында 90 мың гектар жайылым жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізген. Нәтижесінде ұзақ уақыт пайдаланылмаған 90 000 гектар жайылым жер анықталды.

"Серіктестікке учаскені игеру туралы ұйғарым берілді, алайда талаптар белгіленген мерзімде орындалмады. Осыған байланысты департамент жер учаскесін мәжбүрлеп қайтару жөнінде сотқа жүгінді", - дейді ведомстводағылар.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот департаменттің талаптарын қанағаттандырды. Серіктестік аппелияциялық шағым түсірген, алайда сот шешімі өзгеріссіз қалды.
Қазіргі уақытта жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Жер аумағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.03.2025
Ақмола әкімдігі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға жер телімін негізсіз бермей келген
Жаңалықтар
0