Астаналық гимнастар Әзербайжанда өткен турнирде 3 алтын медаль жеңіп алды

© Сайт акимата АстаныАстаналық гимнастар Әзербайжанда өткен турнирде үздік нәтиже көрсетті
Астаналық гимнастар Әзербайжанда өткен турнирде үздік нәтиже көрсетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2025
Жазылу
Елорда спортшылары ел қоржынына 3 алтын, 2 күміс медаль салды
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Елордалық көркем гимнастшылар Әзербайжанда өткен "AGF Trophy" халықаралық турнирінде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің спортшылары ел қоржынына 3 алтын, 2 күміс медаль салды.
Командалық көпсайыста Ақмарал Ерекешева мен Айғаным Рысбек 100.700 ұпай жинап алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Ақмарал Ерекешева доп, лента жаттығуын шеберлікпен орындап, 2 алтын медаль жеңіп алды. Ақмарал доп жаттығуында Грузия мен Әзербайжанды басып озып, 25.350 ұпай жинады.
Ал шеңбер жаттығуы үшін 25.000 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.
Айғаным Рысбек ұршықпен өнер көрсетіп, күміс медаль еншіледі.
"Әзербайжандағы жеңіс –гимнастшыларымыздың еңбекқорлығы мен шығармашылық ізденісінің жемісі. Қыздарымыздың жеке бапкері Меруерт Балғынбаева мен хореографы Сая Айдыстың еңбегі зор. Ақмарал мен Айғанымның әр жаттығуы – шеберлік пен қайсарлықтың ерекше үлгісі", - деді көркем гимнастикадан Астана қаласының аға жаттықтырушысы Әсел Мұстафина.
Нариман Құрбанов – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2024
Тарихи жүлде: қазақстандық гимнаст Париж Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды
Жаңалықтар
0