https://sputnik.kz/20250330/zhaqsylyq-pen-igilik-merekesi-toqaev-qazaqstandyqtardy-oraza-ayt-meyramymen-quttyqtady-52050814.html
Жақсылық пен игілік мерекесі: Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады
Жақсылық пен игілік мерекесі: Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда. 30.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-30T09:07+0500
2025-03-30T09:07+0500
2025-03-30T15:41+0500
ораза айт
мейрам
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1e/52050925_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_73a3147c6dea9c132309162a366b962b.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда."Қадірлі отандастар! Ораза айт мейрамы құтты болсын! Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша", деп жазылған мәтінде. Мемлекет басшысы Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсететінін, бір-біріне ізгі тілегін арнайтынын атап өтті. Оның айтуынша осы қасиеттеріміз барда халқымыздың әділетті, қауіпсіз, таза әрі қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімді. "Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын! Айт қабыл болсын, ағайын!", - делінген құттықтауда.
https://sputnik.kz/20250330/oraza-ayt-bastaldy---52010558.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1e/52050925_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_eed6bbf0d285a481bdf263984bdd1cbf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ораза айт, мейрам, қасым-жомарт тоқаев
ораза айт, мейрам, қасым-жомарт тоқаев
Жақсылық пен игілік мерекесі: Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады
09:07 30.03.2025 (жаңартылды: 15:41 30.03.2025) АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Қадірлі отандастар! Ораза айт мейрамы құтты болсын! Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша", деп жазылған мәтінде.
Мемлекет басшысы Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсететінін, бір-біріне ізгі тілегін арнайтынын атап өтті.
"Бұл күні мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі. Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады", - деді Тоқаев.
Оның айтуынша осы қасиеттеріміз барда халқымыздың әділетті, қауіпсіз, таза әрі қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімді.
"Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын! Айт қабыл болсын, ағайын!", - делінген құттықтауда.