https://sputnik.kz/20250330/qyzylordada-215-mlrd-tengege-zhylu-elektr-ortalygy-salynyp-zhatyr--52053189.html
Қызылордада 215 млрд теңгеге жылу электр орталығы салынып жатыр
Қызылордада 215 млрд теңгеге жылу электр орталығы салынып жатыр
Sputnik Қазақстан
Бүгінде, жұмыстың 70%-і аяқталды 30.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-30T13:21+0500
2025-03-30T13:21+0500
2025-03-30T14:20+0500
қызылорда облысы
жылу электр орталығы
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1a/45902029_1:0:1848:1039_1920x0_80_0_0_0b363309333c8add5c1a95d616d9a695.jpg.webp
АЛМАТЫ, 30 наурыз - Sputnik. Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынып жатыр, деп хабарлайды облыстық әкімдік. Орталық жұмысы туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Орталыққа инвестор болған "Акса Энерджи" түрік компаниясы, жылу орталығының құрылысына 137 млрд. теңгеден астам инвестиция салған. Бүгінде, жұмыстың 70%-і аяқталды. Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін Катар еліне іссапар кезінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу-газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағынан берілген 280 гектар жерге салынады. Аймақта 10 мыңнан аса шақырым электр желісі мен 2 000 аса қосалқы станция бар. Олардың 62%-і тозған. Энергия үнемдеудің жаңа технологияларын қолданып, тозған желілерді азайту үшін өткен жылы 741 шақырым электр желісі мен 127 қосалқы станция жаңғыртылды. Биыл 15 млрд. теңгеге 3 ірі қосалқы станция, 314 шақырым әуе желісі және 127 қосалқы станцияны қайта жаңғырту қолға алынбақ.
https://sputnik.kz/20250121/oskemende-zheke-uyler-ortalyq-zhylu-qubyryna-qosylady---oblys-akimi--50155702.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/1a/45902029_232:0:1617:1039_1920x0_80_0_0_6eccfe6ce9035164b97a44d01cea17d9.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, жылу электр орталығы
қызылорда облысы, жылу электр орталығы
Қызылордада 215 млрд теңгеге жылу электр орталығы салынып жатыр
13:21 30.03.2025 (жаңартылды: 14:20 30.03.2025) Бүгінде, жұмыстың 70%-і аяқталды
АЛМАТЫ, 30 наурыз - Sputnik. Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы салынып жатыр, деп хабарлайды облыстық әкімдік.
Орталық жұмысы туралы премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Орталыққа инвестор болған "Акса Энерджи" түрік компаниясы, жылу орталығының құрылысына 137 млрд. теңгеден астам инвестиция салған. Бүгінде, жұмыстың 70%-і аяқталды.
"Жаңа станция облыстың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп, өндірілген электр энергиясының бір бөлігін өзге өңірлерге сатуға мүмкіндік береді. Биыл 4-ші тоқсанда аймақ үшін ерекше маңызы бар нысан ел игілігіне пайдалануға беріледі. Жаңа орталыққа бюджет есебінен 15 млрд. теңгеге газ құбыры тартылды", - дейді облыстық әкімдік.
Президент тапсырмасына сәйкес, оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау үшін Катар еліне іссапар кезінде қуаттылығы 1100 МВт, құны 800 млрд теңге болатын бу-газ қондырғысын салу келісілді. Жаңа бу-газ қондырғылары Сырдария ауданының аумағынан берілген 280 гектар жерге салынады.
"Бұл мегажобаны 2028 жылы толығымен іске қосу жоспарланған. Қазіргі таңда техника-экономикалық негіздемесі әзірленуде. Жоба аясында "Қызылорда-Жезқазған" және "Қызылорда-Шымкент" 500 киловольттық жоғары қуатты электр желісі тартылады", - делінген хабарламада.
Аймақта 10 мыңнан аса шақырым электр желісі мен 2 000 аса қосалқы станция бар. Олардың 62%-і тозған. Энергия үнемдеудің жаңа технологияларын қолданып, тозған желілерді азайту үшін өткен жылы 741 шақырым электр желісі мен 127 қосалқы станция жаңғыртылды. Биыл 15 млрд. теңгеге 3 ірі қосалқы станция, 314 шақырым әуе желісі және 127 қосалқы станцияны қайта жаңғырту қолға алынбақ.