Кеңгір су қоймасынан тағы 70-ке жуық киіктің өлексесі табылды

© Photo : Казахстанская ассоциация сохранения биоразнообразияОкот сайгака
Окот сайгака - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2025
Жазылу
Бұған дейін өңірде 5 мыңнан астам киіктің өлексесі жойылған
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Ұлытау облысында Кеңгір су қоймасынан тағы 70-ке жуық киіктің өлексесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Ұлытау облысындағы Кеңгір су қоймасының Водосброс және "Спутник" саяжайы маңында киік өлекселері жиналды.
Ведомствоның мәліметінше, құтқарушылар жағалаудағы аумақты мұқият тексеріп, табиғатқа зиян келтірмеу мақсатында қажетті шаралар қабылдаған.
"67 өлексе табылып, РГКП "Охотзоопром" қызметкерлеріне тапсырылды. Іс-шаралар экологиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстау және жануарлар дүниесін қорғау мақсатында жалғасады", - дейді ведомство.
Айта кетері, бұған дейін Ұлытау облысында 5 мыңнан астам киіктің өлексесі жойылған. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл табиғи жағдай деп түсініктеме берді.
Киіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
"Бұл табиғи жағдай": министрлік киік өлекселеріне қатысты түсініктеме берді
Жаңалықтар
0