БҰҰ бас хатшысы Қазақстанның бітімгершілік күш-жігерін жоғары бағалады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаСостоялись переговоры Президента Касым-Жомарта Токаева с Генеральным секретарем ООН Антониу Гутерришем
Состоялись переговоры Президента Касым-Жомарта Токаева с Генеральным секретарем ООН Антониу Гутерришем
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2025
Жазылу
Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен Алматыда өңірлік орталық құру мәселесін талқылады
АСТАНА, 28 наурыз - Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Президент Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдаған қарардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Аймақтық орталықтың институттық негізін жасақтау бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл құрылғанына 80 жыл толған БҰҰ-ның әлі де әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым саналатынын жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттердің барлығы құрылым Жарғысы мен әлем елдері мойындаған халықаралық құқық қағидаттарын сақтауға тиіс деп санайды.
Бас хатшы Қазақстанның бітімгершілік күш-жігеріне, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға және орнықты дамуды ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Токаев принял заместителя Генсека ООН Изуми Накамицу  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2024
Қазақстанның орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатыр – БҰҰ өкілі
Жаңалықтар
0