https://sputnik.kz/20240828/qazaqstannyn-orta-derzhava-retindegi-roli-artyp-kele-zhatyr--buu-okili-46645994.html
Қазақстанның орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатыр – БҰҰ өкілі
Қазақстанның орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатыр – БҰҰ өкілі
Sputnik Қазақстан
Изуми Накамицу ядролық қаруды таратпау саласындағы Қазақстанның көшбасшылығын жоғары бағалады 28.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-28T16:00+0500
2024-08-28T16:00+0500
2024-08-28T16:04+0500
бұұ
ядролық қарусыздандыру
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1c/46644994_0:93:1280:813_1920x0_80_0_0_74eb1f5dc6cf665052446631d54cf83e.jpg
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысының орынбасары, қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкіл Изуми Накамицуды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесу барысында аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау ісінде Қазақстанның БҰҰ институттарымен жан-жақты ықпалдастығының перспективалары талқыланды.Мемлекет басшысы БҰҰ бас хатшысының орынбасарына ілтипат білдіре отырып, ұйым қазіргі заманның өзекті проблемаларын шешуде айрықша рөл атқаратынын және оның орнын ешқандай құрылым алмастыра алмайтынын атап өтті.Тоқаев ертең Қазақстан Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтетінін атап өтті."Бұл – бүкіл адамзат баласына ядролық сынақтар жүргізудің әрі ядролық қаруды қолданудың қауіпті екенін еске салатын өте маңызды дата. Еліміз БҰҰ институттарымен тығыз байланыс орнатуға бейіл әрі ұйымды баламасы жоқ, әмбебап халықаралық құрылым ретінде қарастырады", – деді ол.Ал Изуми Накамицу Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдерісте көшбасшылығын жоғары бағалады. Сондай-ақ еліміздің орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатқанын ерекше атап өтті.Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Изуми Накамицу халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1c/46644994_37:0:1244:905_1920x0_80_0_0_b09ab90c0618f6b9c9a267db0eda1d4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ, ядролық қарусыздандыру
бұұ, ядролық қарусыздандыру
Қазақстанның орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатыр – БҰҰ өкілі
16:00 28.08.2024 (жаңартылды: 16:04 28.08.2024) Изуми Накамицу ядролық қаруды таратпау саласындағы Қазақстанның көшбасшылығын жоғары бағалады
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысының орынбасары, қарусыздану мәселелері жөніндегі жоғарғы өкіл Изуми Накамицуды қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қарусыздану мен ядролық қаруды таратпау ісінде Қазақстанның БҰҰ институттарымен жан-жақты ықпалдастығының перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы БҰҰ бас хатшысының орынбасарына ілтипат білдіре отырып, ұйым қазіргі заманның өзекті проблемаларын шешуде айрықша рөл атқаратынын және оның орнын ешқандай құрылым алмастыра алмайтынын атап өтті.
"Қазақстанның қарусыздану және жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау мәселесіне қатысты ұстанымы берік. Қазіргі әлемде болып жатқан оқиғалар тұрғысынан алғанда, бұл мәселелердің өзектілігі мен маңыздылығы арта түсті. Мұның алаңдаушылық туғызатыны сөзсіз", – деді президент.
Тоқаев ертең Қазақстан Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күнін атап өтетінін атап өтті.
"Бұл – бүкіл адамзат баласына ядролық сынақтар жүргізудің әрі ядролық қаруды қолданудың қауіпті екенін еске салатын өте маңызды дата. Еліміз БҰҰ институттарымен тығыз байланыс орнатуға бейіл әрі ұйымды баламасы жоқ, әмбебап халықаралық құрылым ретінде қарастырады", – деді ол.
Ал Изуми Накамицу Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандық үдерісте көшбасшылығын жоғары бағалады. Сондай-ақ еліміздің орта держава ретіндегі рөлі артып келе жатқанын ерекше атап өтті.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Изуми Накамицу халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.