https://sputnik.kz/20250328/tagy-bir-federatsiya-basshysy-auysty-51997127.html
Тағы бір федерация басшысы ауысты
Тағы бір федерация басшысы ауысты
Sputnik Қазақстан
Андрей Крюков су спорты түрлері федерациясын 2019 жылдан бері басқарған 28.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-28T12:43+0500
2025-03-28T12:43+0500
2025-03-28T12:45+0500
жүзу
дмитрий баландин
https://sputnik.kz/img/1428/47/14284750_0:148:3117:1901_1920x0_80_0_0_f31b856c8a4c45b6588824e2dd6ca560.jpg
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының басшысы ауысты, деп хабарлады туризм және спорт министрлігі.Бүгін туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысумен федерацияның былтырғы жұмысы қаралды. Сондай-ақ, жаңа маусымға дайындық мәселелері талқыланды.Осы жиында ұйым басшысы Андрей Крюков өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеді. Оның орнына федерация басшылығына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың кандидатурасы ұсынылды. Облыстық федерация басшылары мен спорт қауымдастығы өкілдері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.Ал министр Ербол Мырзабосынов 2019 жылдан бері федерацияны басқарған Андрей Крюковке атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, Дмитрий Баландиннің 2016 жылғы Рио Олимпиадасындағы тарихи жеңісі мен былтырғы әлем чемпионатында көркем жүзуден Эдуард Ким мен Наргиза Болатованың жетістігін ерекше айтты.Айта кетейік, Қазақстан су спорты түрлері федерациясы 1998 жылы құрылған. Оның құрамына жүзу, су добы, көркем жүзу, суға секіру және ашық суда жүзу кіреді.
https://sputnik.kz/20240624/askeri-teniz-kushterinin-bas-qolbasshysy-auysty-45169905.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1428/47/14284750_194:0:2923:2047_1920x0_80_0_0_ec3b33e1c75465d5102ef0ef81d325f6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жүзу, дмитрий баландин
Тағы бір федерация басшысы ауысты
12:43 28.03.2025 (жаңартылды: 12:45 28.03.2025) Андрей Крюков су спорты түрлері федерациясын 2019 жылдан бері басқарған
АСТАНА, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанның су спорты түрлері федерациясының басшысы ауысты, деп хабарлады
туризм және спорт министрлігі.
Бүгін туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысумен федерацияның былтырғы жұмысы қаралды. Сондай-ақ, жаңа маусымға дайындық мәселелері талқыланды.
Осы жиында ұйым басшысы Андрей Крюков өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеді. Оның орнына федерация басшылығына "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың кандидатурасы ұсынылды. Облыстық федерация басшылары мен спорт қауымдастығы өкілдері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Ал министр Ербол Мырзабосынов 2019 жылдан бері федерацияны басқарған Андрей Крюковке атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, Дмитрий Баландиннің 2016 жылғы Рио Олимпиадасындағы тарихи жеңісі мен былтырғы әлем чемпионатында көркем жүзуден Эдуард Ким мен Наргиза Болатованың жетістігін ерекше айтты.
Айта кетейік, Қазақстан су спорты түрлері федерациясы 1998 жылы құрылған. Оның құрамына жүзу, су добы, көркем жүзу, суға секіру және ашық суда жүзу кіреді.