Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы ауысты

© Photo : Ақорданың баспасөз қызметіМемлекеттік ту көтеру рәсімі
Мемлекеттік ту көтеру рәсімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2024
Жазылу
Қазақстан президенті екі өкімге қол қойды, ол Бекжан Сәкеновті қызметінен босатып, Серік Борамбаевты тағайындады
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын ауыстырды, деп хабарлады Ақорда.
2018 жылдан бері республика әскери теңіз күштерін басқарып келген контр-адмирал Бекжан Сәкеновті генерал-майор Серік Борамбаев алмастырды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Серік Борамбаев 1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген.
1990 жылы Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген.
2005-2007 жылдары – Ресей Қорғаныс министрлігінің Әскери университетінде адъюнктурада оқыды, Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде академиялық курстардан өтті.
1992-2004 жылдары Атырау облыстық әскери комиссариатында әртүрлі лауазымдарды атқарды.
2004-2005 жылдары – Қорғаныс министрлігі Әскери-теңіз институтының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі институт бастығының орынбасары - тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы;
2007-2008 жылдары – "Батыс" РҚК Әскерлері қолбасшысы басқармасының аға офицері;
2008-2011 жылдары – институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, институт басшысының орынбасары - Әскери-теңіз институтының штаб бастығы;
2011-2013 жылдары – 29011 әскери бөлімінің командирі - Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары;
2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары - Бас штабының бастығы;
2015-2016 жылдары – Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыс бойынша) - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығы;
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бастығы;
2019 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы.
Жаңалықтар
0