https://sputnik.kz/20250328/almatyda-ulandar-101-zhastagy-sogys-ardagerine-qurmet-korsetti--51997746.html
Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Sputnik Қазақстан
Ардагер Ішкі істер министрлігінде 33 жыл қызмет атқарып, сол жерден зейнетке шыққан 28.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-28T13:07+0500
2025-03-28T13:07+0500
2025-03-28T13:23+0500
ұлы жеңістің 80 жылдығы
жеңіске тағзым
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1c/51998101_0:35:697:427_1920x0_80_0_0_02c31cd69979406fd2af5dc462ae9f38.jpg.webp
АЛМАТЫ, 28 наурыз - Sputnik. Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында отставкадағы полковник Қамбар Сәрсеновтың үйіне барып, ардагерді мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. Қамбар Әмірұлы әскерге 1942 жылы 12 тамызда шақырылды. Майдангер соғыс жылдары үш рет жараланады. Калинин облысын, Белоруссияны, Латвияны, Литваны, Польшаны азат етуге қатысқан. Кенисбергте жаралануына байланысты демобилизацияланды.Майдангер I және II дәрежелі Ұлы Отан соғысы, II және III дәрежелі "Даңқ", "Қызыл Жұлдыз", "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Кенисбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін" орден-медальдарымен наградталған.Ардагер Ішкі істер министрлігінде 33 жыл қызмет атқарып, сол жерден зейнетке шыққан. Кездесу барысында соғыс ардагері Қамбар Әмірұлына алғыс хат пен сый-сияпат табысталды.Майдангердің үйінің алдында әскери оркестр аты аңызға айналған "Жеңіс күні", "Славянмен қоштасу" марштарын, "Смуглянка" және "Катюша" композицияларын орындады. Сондай-ақ ұландықтар батыр ардагердің үйінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.
https://sputnik.kz/20250322/aqmola-oblysynda-sogys-ardageri-100-zhasqa-toldy-51868627.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1c/51998101_41:0:657:462_1920x0_80_0_0_4ccbfec651853b7f10716ae4477518f8.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіске тағзым, соғыс ардагері
жеңіске тағзым, соғыс ардагері
Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
13:07 28.03.2025 (жаңартылды: 13:23 28.03.2025) Ардагер Ішкі істер министрлігінде 33 жыл қызмет атқарып, сол жерден зейнетке шыққан
АЛМАТЫ, 28 наурыз - Sputnik. Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында отставкадағы полковник Қамбар Сәрсеновтың үйіне барып, ардагерді мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Қамбар Әмірұлы әскерге 1942 жылы 12 тамызда шақырылды. Майдангер соғыс жылдары үш рет жараланады. Калинин облысын, Белоруссияны, Латвияны, Литваны, Польшаны азат етуге қатысқан. Кенисбергте жаралануына байланысты демобилизацияланды.
Майдангер I және II дәрежелі Ұлы Отан соғысы, II және III дәрежелі "Даңқ", "Қызыл Жұлдыз", "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Кенисбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін" орден-медальдарымен наградталған.
Ардагер Ішкі істер министрлігінде 33 жыл қызмет атқарып, сол жерден зейнетке шыққан.
Кездесу барысында соғыс ардагері Қамбар Әмірұлына алғыс хат пен сый-сияпат табысталды.
Майдангердің үйінің алдында әскери оркестр аты аңызға айналған "Жеңіс күні", "Славянмен қоштасу" марштарын, "Смуглянка" және "Катюша" композицияларын орындады. Сондай-ақ ұландықтар батыр ардагердің үйінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.