Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Ақмола облысында соғыс ардагері 100 жасқа толды

© https://t.me/Aqmola_regionВ Акмолинской области со 100-летним юбилеем поздравили ветерана Великой Отечественной войны Арсения Щудляка 
В Акмолинской области со 100-летним юбилеем поздравили ветерана Великой Отечественной войны Арсения Щудляка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.03.2025
Жазылу
Ардагердің үш баласы, алты немересі және тоғыз шөбересі бар
АСТАНА, 22 наурыз– Sputnik. Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагері Арсений Щудляк өзініңғасырлық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігі.
Салтанатты шара Бурабай ауданының Щучинск қаласында өтіп, ардагерді әскери оркестрдің сүйемелдеуімен құттықтады.
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов президенттің құттықтау хатын оқып, ардагердің Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі мен елдің бейбіт болашағы үшін жасаған ерлігіне терең алғыс білдірді.
Арсений Щудляк 1925 жылы 22 наурызда Украин КСР-нің Каменец-Подольск облысы, Карытно ауылында дүниеге келген. 1935 жылы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударды. 16 жасында ағаш ұстасының шәкірті болып еңбек жолын бастаған. Ал 1943 жылдың ақпанында, 18 жасқа толғанда, майданға шақырылды.
127-атқыштар полкінде қызмет етіп, соғысты бастан-аяқ өтті. 1945 жылдың тамыз-қыркүйек айларында жапон әскерімен шайқастарға атқыш ретінде қатысты. 1945 жылдың қарашасынан 1946 жылдың наурызына дейін 18-мотоатқыштар бригадасында қызметін жалғастырды.
Ерлігі мен Отанға адалдығы үшін II дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, Георгий Жуков медалімен, "Германияны жеңгені үшін", "Жапонияны жеңгені үшін" медальдарымен, сондай-ақ "КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды.
Демобилизациядан кейін Арсений Андреевич Щучинск қаласындағы теміржол әскери күзетінде қарауыл бастығы болып жұмыс істеді. 1985 жылы құрметті демалысқа шықты.
Бүгінде мерейтой иесі жақындарының қамқорлығы мен сүйіспеншілігіне бөленуде. Ардагердің үш баласы, алты немересі және тоғыз шөбересі бар.
Жаңалықтар
0