Қазақстанда легионерлерге бюджеттен қаржы төленбейді

© Владислав ВодневҚазақстан - Финляндия ойыны
Қазақстан - Финляндия ойыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Сенат дене шынықтыру және спорт туралы заңға түзетулер енгізді
АСТАНА, 27 наурыз - Sputnik. Қазақстан бұдан былай шетелдік легионерлерді бюджет есебінен қаржыландырмайды. Сенат дене шынықтыру және спорт туралы заңға түзетулер енгізді.
"Жаңа нормалар спорттың басым түрлерін дамытуға бағытталған бюджет қаражатын тиімді пайдалануға негізделген. Бұл саладағы саясат олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, Азиялық және Пара Азиялық ойындарда нәтижелерге қол жеткізуді көздейді", - деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.
Тағ бір жаңалық, ұлттық спорт федерациясы аймақтық федерацияларға қарағанда басымдыққа ие болады. Сондай-ақ:
бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спорты үшін кәсіби клубтарды ұстауға лимиттер енгізілуде;
жергілікті билік дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтердің бағасын реттей алады;
спорттық медицинаны және спортшыларды даярлау стандарттарын дамыту жөніндегі шаралар күшейтілді.
Сонымен қатар спорт саласындағы мемлекеттік ұйымдар басшыларын ротациялау институты енгізілуде.
Словари - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.01.2025
Жасанды интеллект қазақ тілінің цифрлық сөздігін пайдаланады – сенат заңды мақұлдады
Жаңалықтар
0