Футбол федерациясының бұрынғы басшылығы не себепті тергеуге алынды

© Sputnik / Владислав ВодневМатч "Астана"-Ордабасы"
Матч Астана-Ордабасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Тексеру нәтижесінде 3 млрд теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталды
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығы не себепті тергеліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстанның футбол федерациясы мен бірнеше футбол клубтарына жүргізілген прокурорлық тексеру нәтижесінде басқарудағы тиімсіздік пен 3 млрд теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Негізгі заң бұзушылықтар қатарында негізсіз сыйақылар төлеу, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру фактілері бар.
Атап айтқанда, Федерацияның бұрынғы басшылығы жекелеген қызметкерлер мен спортшыларға 300 млн теңгеден астам сомада негізсіз сыйақы төлеген.
Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғар қаласындағы жаттығу базасын салу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 350 млн теңгеден аса төлемдер жасалған.
"2021 жылы басталған Алматы облысындағы база құрылысы тоқтап тұр, ал мердігердің шоттары бұғатталған. Сонымен қатар 135 млн теңге стратегиялық құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге бөлінген қаражаттың орынды жұмсалуы күмән тудырады", - дейді прокуратура.
Бұл құжаттарда нақты іске асыру тетіктері, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту жолдары көрсетілмеген, ал клубтарды басқару стандарты іс жүзінде енгізілмеген.
"Ордабасы", "Ақтөбе" және "Жетісу" футбол клубтарындағы тексерулер де келісімшарт сомаларын асырып көрсету, ойыншыларды төмен бағамен сату, жоғары бағамен сатып алу және қаражат жымқыру сияқты бірқатар елеулі заң бұзушылық анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Футбол федерациясының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексеру жүргізу үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне берілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатқаны хабарланған болатын.
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды
Жаңалықтар
0