Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығы тергеуге алынды

© Sputnik / Абзал КалиевУголовное дело
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Жазылу
Бұл ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растады
АСТАНА, 4 наурыз– Sputnik. Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр.
Бұл ақпаратты қаржылық мониторинг агенттігі растады.

"БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды", - делінген хабарламада.

Агенттіктің хабарлауынша, барлық тергеу әрекеті заңнама талаптарына сай жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, 2022 жылдан бастап 2024 жылдың қарашасына дейін футбол федерациясын Әділет Барменқұлов басқарған болатын.
Адилет Барменкулов - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.11.2024
Әділет Барменқұлов Қазақстан футбол федерациясының басшысы қызметінен кетті
Жаңалықтар
0