Биыл Астанада қанша бала бірінші сыныпқа барады

© Photo : Пресс-служба министерства образования и науки КазахстанаБуквари для первоклассников в Казахстане
Буквари для первоклассников в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Астанада 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалпы білім беретін орта мектептердің бірінші сыныбына құжат қабылданады
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Астанада алдағы оқу жылында бірінші сыныпқа 30 мыңнан астам бала барады деп болжанып отыр. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Спикердің айтуынша, Астанада 196 орта білім беру ұйымы бар, онда 288 000-нан астам оқушы білім алып жатыр. Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.
Өтінішті www.egov.kz порталы арқылы онлайн немесе қағаз нұсқада мектепке барып тапсыруға болады. Мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын барлық 6 жастағы және сол жылы 6-ға толатын балаларды дайындық деңгейіне қарамастан, бірінші сыныпқа қабылдайды.
"Мектепке қабылдау үшін ата-анадан немесе заңды өкілінен өтініш, баланың денсаулық жағдайы туралы анықтамасы және денсаулық паспорты, сондай-ақ, цифрлық фотосуреті қажет.
Мектептер бірінші сыныпқа баратын балаларды ешқандай емтихансыз қабылдайды. Тек мамандандырылған білім беру ұйымдарына конкурс негізінде қабылдандады. Онда үміткерлерден құжатты қабылдау 1 ақпанынан бастап 15 сәуір аралығында жүргізілуде.
Бірінші сыныпқа қабылдау барынша жеңілдетілді. Барлық процесс ашық жүргізіледі, ал мектептер заңда көрсетілген құжаттардан басқа қосымша анықтамалар талап ете алмайды. Өтінішті уақытында тапсыру қажет, соңғы күнге қалдырмаңыз", - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін:
ата-анадан немесе заңды өкілінен өтініш;
"Профилактикалық екпелер картасы" (№065/у);
"Бала денсаулығының паспорты" туралы (№ 052-2/у) медициналық анықтамалар;
баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретiн тапсыруы қажет.
Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Видео
"Автобус жоқ": Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін 1 сағат жаяу жүруге мәжбүр
Жаңалықтар
0