Видео

"Автобус жоқ": Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін 1 сағат жаяу жүруге мәжбүр

Жазылу
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Алматы облысы Алатау қаласына қарасты саяжайларда тұратын балалар 8 шақырым жердегі мектепке жаяу барып жүр. Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселені көтергелі 8 жыл өткен. Саяжай тұрғындарының базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі біліп қайтты.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр
Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр
Бірнеше саяжай бірігіп, үлкен ауылға айналған. Тұрғындардың айтуынша, 10 мыңға жуық адам тұрады. Алматыдан 40 шақырым, Қонаев қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан саяжайдың тұрғындары жұртта қалған жетімнің күйін кешіп отырмыз дейді.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр
Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр
"Міне, оқу жылының жартысы өтті. Мектепке таситын автобус 16 адамдық. Оның өзі бір күн жүрсе, екі күн жүрмейді. Оқушылар 8 шақырым жерге жаяу барып жүр. Тез жүргеннің өзінде бір сағат кетеді. Азанда екінші сабаққа үлгеріп барады, ал түстен кейін соңғы сабақтарын оқымай қайтады. Таңғы сағат 6:30-да шығады сабаққа, автобус жоқ, сағаттап тұрады", - дейді саяжай тұрғындары.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр
Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр
Бұл саяжайдың 300-ден астам оқушысы Заречный қаласының №12 мектебіне барады. Саяжай мен Заречныйдың ортасында Алматы – Өскемен күрежолы бар. Көлік біткен ағылып жатыр. Оқушылар осы жолдың үстімен жүреді, не болмаса су ағатын бетон көпірдің ортасымен өтеді.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр
Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр
"Мына күрежолда қаншама адамды көлік қағып кетті. Балаларымыз ары-бері жүгіріп жүргенде бір күні жазым болады ғой. 319 оқушы бар. Осыншама балаға 16 орындық шағын автобус бере ме, ойлаңызшы... Мектеп директоры жылда ауысады. Мектепке барсақ, білім бөліміне барыңыздар дейді. Білім бөлімі "әкімдік жол салып берсін, сонда автобус жүреді" дейді. Ана жолы сол автобустың жүргізушілері "білім бөлімі бізге ақша төлеп жатқан жоқ. Сонда да жүріп жүрміз деді", - дейді саяжайлықтар.
Мәселені мектеп автобусының жүргізушілерінен де сұрап көрдік.
"Тендер әлі ойнатылған жоқ, бірақ жүріп жатырмыз. Білмейміз қашан ойнатылатынын. Бүгін таңертең автобус қызбай қалды. Әрең дегенде келдім. Мына саяжай өсіп бара жатыр. Бұл жерге автобус емес, мектеп салу керек. 300-ден астам бала бір емес, 3 автобусқа да сыймайды", - дейді мектеп автобусының жүргізушісі.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр
Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2025
Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр
Автобустар ескі, шамдары сынған, әбден тозған. Қазір жаңа серіктестік тендерге қатысып жатыр. Бұрыңғы тасымалдаушы бұл саяжайдың балаларын бұдан былай тасудан бас тартқан. Өйткені жолы жаман. Техника күнде бұзылады. Саяжайлықтар әупірімдеп жүріп өз күшімен орталық көшелерді жөндеткен. Онда да іргеде орналасқан түрмеден шыққан күлді төгіп, тегістеп қойған.
Саяжай оқушыларының жағдайын мектеп те жақсы біліп отыр.
© Sputnik / Айдана Дайырова

Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр

Алматы облысында 300 оқушы мектепке бару үшін бір сағат жаяу жүруге мәжбүр - Sputnik Қазақстан
1/2

2/2

"Бұл көп жылдан бері қордаланған өте күрделі мәселе. Автобус мәселесі туралы білім бөлімін үнемі хабардар етіп отырамыз. Қазір жүріп жүрген автобустарға маршрут сызбасын да беріп қойғанбыз. Мектепте жалпы 1018 оқушы оқиды, оның 319-ы саяжайдан қатынайды. Негізі мектептің сыйымдылығы 624 оқушыға арналған", - дейді мектеп директорының міндетін атқарушы Айгүл Абеуова.
Қала статусын жақында ғана алған Алатау қалалық білім бөлімі тамыз айында құрылған. Проблема бар екенін олар да мойындап отыр. Білім бөлімі бұл саяжайдың проблемасы екі аптада шешіледі деп уәде берді.
"Қазіргі күні конкурс жарияланды. Біздің білім бөлімі тамыз айынан бастап жаңадан ашылды. Шешілмеген мәселелер бар. Бұл саяжайдың мәселесін жақсы білеміз. Қазіргі жүріп жатқан автобустар уақытша берілген. Екі аптадан кейін конкурс нәтижесі шығады, демек екі аптадан соң саяжайға автобустар беріледі", дейді Алтай қалалық білім бөлімінің әдіскері Зура Түлтаева.
Жалпы бұл ауылда, су да, интернет те, газ да жоқ. Бұл аздай саяжайлықтар іргесіндегі Заречныйға емес, бірнеше шақырымдық Жетіген ауруханасына барады. Ол жаққа не автобус, не такси жүрмейді.
Жаңалықтар
0