Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға арналған тарифтер шығынды жаппайды – Нысанбаев

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуПолигон твердых бытовых отходов, архивное фото
Полигон твердых бытовых отходов, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Жазылу
Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу бойынша 67 жоба жүзеге асырылуда
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Елімізде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер арнайы кәсіпорындардың шығынын жаппайды. Бұл туралы үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.
Республикада жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам қалдық түзіледі, бұл ретте 2024 жылы қайта өңдеу деңгейі шамамен 26%-ды құрады, бұл жоспарланған 30%-дан төмен.
"Аталған мәселені шешу үшін министр мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігін енгізуді ұсынды. Осы тетік шеңберінде тұрмыстық қатты қалдықтарға шекті, экономикалық негізделген тарифті бекіту, сондай-ақ оны әкімдіктер деңгейінде белгілеу жөніндегі құзіретті айқындау ұсынылуда", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Ол бойынша қазіргі және ұсынылатын тарифтер арасындағы айырмашылықты утиль алымдары есебінен жабу жоспарланып отыр.
Бұған қоса, мемлекет басшысының ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде утиль алымдары есебінен жеңілдікпен қаржыландыру тетігі бекітілді. Ол утиль төлемі есебінен қаржыландырылатын, төлемдер бойынша екі жылға дейінгі демалысы бар жылдық 3%-дан 15 жылға дейінгі қарызды қамтиды. Бүгінгі таңда министрлік әкімдіктер ұсынған құны шамамен 317 млрд теңге болатын 67 жобаны мақұлдады, оның 43-і қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған.
Мусоросортировочный завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2024
Қостанайда қауіпті медициналық қалдықтар қоймада заңсыз сақталған
Жаңалықтар
0