https://sputnik.kz/20240212/qostanayda-qauipti-meditsinalyq-qaldyqtar-qoymada-zansyz-saqtalgan-42226935.html
Қостанайда қауіпті медициналық қалдықтар қоймада заңсыз сақталған
Қостанайда қауіпті медициналық қалдықтар қоймада заңсыз сақталған
Sputnik Қазақстан
Заң бойынша мердігер қауіпті медициналық қалдықтарды әр 3 күн сайын өзінің кәдеге жарату объектісіне апарып тұруы тиіс. 12.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-12T09:27+0500
2024-02-12T09:27+0500
2024-02-12T09:30+0500
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/926/67/9266796_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_1ccf39116f424d64857fb002f87ce762.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қостанай қаласында қауіпті медициналық қалдықтардың заңсыз қоймасы анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.Тексеріс материалдарына сәйкес, жеке меншік компания қауіпті медициналық қалдықтарды шығару және кәдеге жарату бойынша тендерде жеңімпаз деп танылған. Кәсіпкердің кәдеге жарату цехтары бар. Бірақ ол Астана қаласының маңында орналасқан. Заң бойынша мердігер қауіпті медициналық қалдықтарды әр 3 күн сайын өзінің кәдеге жарату объектісіне апарып тұруы тиіс.Сонымен қатар, кәсіпорын елордаға қауіпті жүктерді тасымалдау үшін мамандандырылған көлікті емес, мобильді қосымша бойынша жалға алынған кәдімгі жүк көлігін пайдаланған. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 332-бабы, 1-бөлігі (жерді улау, ластау немесе шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Айта кетері, осы қылмыс үшін 3 000 АЕК-ке (11 076 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, я болмаса, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/926/67/9266796_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_03f0a8a91353fbd8e5f73ee25687c0c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы
Қостанайда қауіпті медициналық қалдықтар қоймада заңсыз сақталған
09:27 12.02.2024 (жаңартылды: 09:30 12.02.2024) Заң бойынша мердігер қауіпті медициналық қалдықтарды әр 3 күн сайын өзінің кәдеге жарату объектісіне апарып тұруы тиіс.
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. Қостанай қаласында қауіпті медициналық қалдықтардың заңсыз қоймасы анықталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Тексеріс материалдарына сәйкес, жеке меншік компания қауіпті медициналық қалдықтарды шығару және кәдеге жарату бойынша тендерде жеңімпаз деп танылған. Кәсіпкердің кәдеге жарату цехтары бар. Бірақ ол Астана қаласының маңында орналасқан. Заң бойынша мердігер қауіпті медициналық қалдықтарды әр 3 күн сайын өзінің кәдеге жарату объектісіне апарып тұруы тиіс.
"Алайда мердігер бәрін Қостанай қаласында заңсыз қоймада жинай берген. Қауіпті қалдықтарды жинау кезінде қарапайым қауіпсіздік талаптары сақталмаған", - дейді прокурорлар.
Сонымен қатар, кәсіпорын елордаға қауіпті жүктерді тасымалдау үшін мамандандырылған көлікті емес, мобильді қосымша бойынша жалға алынған кәдімгі жүк көлігін пайдаланған. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 332-бабы, 1-бөлігі (жерді улау, ластау немесе шаруашылық немесе өзге де қызметтің зиянды өнімдерімен өзгеше бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 3 000 АЕК-ке (11 076 000 теңгеге) дейiнгi айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 800 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар, я болмаса, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.