Республикалық маңызы бар үш жолды су басып жатыр

© Sputnik / Елена БережнаяПаводок побил рекорды нескольких лет в СКО
Паводок побил рекорды нескольких лет в СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.03.2025
Жазылу
Республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 45 арнайы техника мен 57 маман жұмылдырылды
АЛМАТЫ, 26 наурыз – Sputnik. Үш облыста республикалық маңызы бар жолдарды қызыл су басып жатыр.
Салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады Қазавтожол.
Олар:
Ақтөбе облысындағы "Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы,
Қостанай облысындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақ,
Солтүстік Қазақстан облысында "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында, яғни Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 45 арнайы техника мен 57 маман жұмылдырылды.
Аким Актюбинской области проверил строительство моста в Уиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2025
Бірнеше өңірде өзен деңгейі көтеріліп, ауылдарды су басу қаупі бар – Қазгидромет
Жаңалықтар
0