https://sputnik.kz/20250326/legionerlerden-unemdelgen-qarazhat-balalar-sportyn-damytuga-bagyttalady-51934172.html
Легионерлерден үнемделген қаражат балалар спортын дамытуға бағытталады
Легионерлерден үнемделген қаражат балалар спортын дамытуға бағытталады
Sputnik Қазақстан
Бірақ легионерлерді бюджеттен тыс көздерден, яғни демеушілік қаражат есебінен қаржыландыру қалады 26.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-26T19:43+0500
2025-03-26T19:43+0500
2025-03-26T19:55+0500
спортшы
футбол
хоккей
заң
https://sputnik.kz/img/07e8/06/05/44782750_0:56:1280:776_1920x0_80_0_0_81c0d465052a56dccc32154a790a6ec2.jpg
АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Ойын клубтарының мемлекеттік дотацияға тәуелділігін төмендету мақсатында қаржыландыру лимиттерін айқындау бойынша заңға толықтырулар енгізілді, деді туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.Ол ойын клубтарын бюджеттен қаржыландыру лимиттерін айқындау үкіметтің депутаттар ұсынған нормасында қолдағанын айтты.Осы заң қабылданғанда футбол немесе хоккей клубтарында ойнайтын футболшылардың немесе хоккейшілердің еңбекақысы да шектеледі.Вице-министрдің айтуынша, легионерлерді қаржыландыруға қатысты заң жобасында осы тұлғаларды бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан қаржыландыруға тыйым салу туралы норма жазылған.
https://sputnik.kz/20250220/aqtobe-oblysynda-sport-metepterinin-direktorlary-byudzhet-qarazhatyn-oyynga-tikken-51021697.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/05/44782750_86:0:1195:832_1920x0_80_0_0_639a42cf38feac416a65a84a05bc20ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
спортшы, футбол, хоккей, заң
спортшы, футбол, хоккей, заң
Легионерлерден үнемделген қаражат балалар спортын дамытуға бағытталады
19:43 26.03.2025 (жаңартылды: 19:55 26.03.2025) Бірақ легионерлерді бюджеттен тыс көздерден, яғни демеушілік қаражат есебінен қаржыландыру қалады
АСТАНА, 26 наурыз — Sputnik. Ойын клубтарының мемлекеттік дотацияға тәуелділігін төмендету мақсатында қаржыландыру лимиттерін айқындау бойынша заңға толықтырулар енгізілді, деді туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев.
Ол ойын клубтарын бюджеттен қаржыландыру лимиттерін айқындау үкіметтің депутаттар ұсынған нормасында қолдағанын айтты.
"2020 жылы мұндай шара болды, бірақ ол Үкімет хаттамасы деңгейінде бекітілгендіктен, кейбір өңірлер оны орындамаған. Осыған байланысты біз оны заң деңгейінде толықтырдық. Заң күшіне енгенде туризм және спорт министрлігі футбол, хоккей және басқа ойын клубтарын қаржыландыру лимиттерін белгілейтін құзыретке ие болады. Осылайша біз бюджеттен қанша, қандай клуб қаражат алуы керек деген норманы заңнамалық тұрғыдан бекітеміз", - деді Жарасбаев.
Осы заң қабылданғанда футбол немесе хоккей клубтарында ойнайтын футболшылардың немесе хоккейшілердің еңбекақысы да шектеледі.
Вице-министрдің айтуынша, легионерлерді қаржыландыруға қатысты заң жобасында осы тұлғаларды бюджеттен және квазимемлекеттік сектордан қаржыландыруға тыйым салу туралы норма жазылған.
"Бірақ легионерлерді бюджеттен тыс көздерден, яғни демеушілік қаражат есебінен қаржыландыру қалады. Үнемделген қаражат балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталады", - деді министрлік өкілі.