Павлодар облысында дала өрті сөндірілді

© Photo : МЧС КазахстанаСтепной пожар в Карагандинской области
Степной пожар в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.03.2025
Жазылу
Өрт 44 гектар аумаққа жайылған
АСТАНА, 25 наурыз - Sputnik. Павлодар облысында дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Қарабай ауылының аумағында құрғақ шөп пен қамыс жанған. Өртті сөндіруді ұйытқыма жел мен жетуі қиын жерлер қиындата түскен.
"ТЖМ құтқарушыларының, ерікті өрт сөндіру құралымдарының және барлық жұмылдырылған қызметтің үйлесімді жұмысының арқасында 44 га алаңда өрт сөндірілді. Қазіргі уақытта бақылау жүргізілуде, өрттің таралу қаупі жоқ", - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 7 техника және жеке құрамнан 28 адам қатысты. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады. Әрекет адамдардың өміріне зиян немесе материалдық залал келтірілген жағдайда қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Министр экологии Ерлан Нысанбаев прибыл в резерват Семей орманы, чтобы посмотреть, что происходит с лесом после прошлогоднего пожара  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2024
Абай облысындағы алапат орман өрті: бір жылдан кейінгі жағдай қандай
Жаңалықтар
0